Қатты сағындым... Әлдилеп, менің жанымды жабырқап ұғатын анашым... Жырақта жүргеніме, міне екінші жыл. Алғашында сізге деген сағынышым біліне қоймайтын. Ал бүгін сізді аңсап, даусыңызды сағынамын...
Мен сіздің қас-қабағыңызға қарап өстім. Әлі де солай. Кішкентай кезімде сіз жаттатқан жалғанның жырлары қазір алма-кезек ауысып алдымнан шығуда. Басымды тау менен тасқа соқсам да, өз мақсатыма жету үшін, әкешім екеуіңіздің маған артқан үлкен үкілі үміттеріңізді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап, шын ниетпен тырысып бағудамын.
Мен қуансам, бірге қуанып, қиналсам, үнемі қолдап, қасымнан табылатынсыз. Мен сізге мәңгі борыштармын. Сізден жақын жанның жалғанда жоқтығына көз жеткізудемін.
Есіңізде ме, мектепте оқып жүргенімде сізге арнап түк ұйқасы жоқ жырлар жазушы ем. Сол кездегі менің балалық махаббатым өлең шумақтары арқылы ақтарылатын. Есейе келе, сізге кейде дауыс та көтеретін болдым. Сол қызлықтарым үшін қазір қатты ұяламын да өкінемін. Сіздің қадіріңізді түсіну үшін Астанаға кетуім керек болған-ау деп қоямын кейде)) Асқақ арманымды арқалап келгенмен елордада жалғыз жүргеннен кейін бе, біраз нәрсені ұғындым, мам...
Мені тоғыз ай тәніңізде, өскенше қолыңызда, мәңгілік жүрегіңізде сақтап, алтындай бауырлар сыйлағаныңыз үшін сізге мың алғыс...
"Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жылжиды" дейді емес пе? Үйдің үлкені болғаннан кейін бе, мған артылатын жүктің қаншалықты аруыр екендігін түсінемін. Мам, маған сеніңізші...
Арнайы "massaget.kz" порталы үшін