Бір ән бар жүрегімде саған деген,
Сол әнді шын жүрекпен саған берем.
Жүрегімнің сырларын саған ашып,
Сағынғанда өзіңе барам деп ем.
Мен сені жырларыма қосам деп ем,
Мен сенің жолдарыңды тосам деп ем.
Балалықтың сезімі бойды кернеп,
Мен сені, тіпті, алып қашам деп ем.
Кейін білдім мұның бәрі болмайды екен,
Құр босқа өз-өзімді алдайды екем.
Түсінгенім ең алғашқы махаббаттың,
Ешқашанда орыны толмайды екен.