"Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафаның махаббат хикаясы"

Олардың өмірі жайлы оқиғаны көз жассыз оқу мүмкін емес.Қиындыққа толы болған тағдырлары, олардың өз таңдауы.Бұл жандар тыныш өмірді халық болашағына деген күреске айырбастады.

Ахметтің жұбайы Иванова Александра 1878 жылы Челябнкс облысында дүниеге келген.Ол Әулиекөлдегі мектепте мұғалім қызметін атқарып жүргенде Ахметпен танысады.1896 жылы олар Троиц мешітінде некелерін қияды.Александра Ислам дінін қабылдап өз аты-жөнін Бадрисафа Мұхамедсадыққызы деп өзгертеді.Алайда еш қайғысыз,тыныш өмір сүру оларға бұйырмаған.

1907 жылы Ахметті алғаш рет түрмеге қамайды,одан кейін 1909 жылы Семейдегі түрмеге жабады.Сол жылдары Бадрисафа Ахметті босатуды сұрап барлық жерге хат жазады.1913 жылы "Қазақ" газеті шыға бастаған кезде Бадрисафа типографиядағы барлық ауыр жұмысты өзі атқарған.

1929 жылы Ахметті Архангельскке жер аударады,ал Бадрисафаны және олардың асырап алған қыздары Шолпанды бірінші Томсқа,одан кейін 1931 жылы "Халық жауының әйелі" деп Томск облысына жер аударады.Арада көп уақыт өтпей,Шолпанды Томскта қалдырып, ал Бадрисафаны Батыс Сібірдегі Жукова ауылына жібереді.Сөйтіп анасы мен қызы еріксіз бір-бірлерінен жырақта жүруіне тура келеді.

1934 жылы олар өз туған жерлеріне оралады.Ахметтіңде Бадрисафаныңда денсаулығы нашар болғандықтан,жұмыс жасауда қиын болады.Ахмет музейге гардеробшы,туберкулез диспансеріне санитар болып кіруге тырысады.Алайда оны  халық жауы деп, жұмысқа алудан бас тартады. 1937 жылдың 8-ші қазанында Ахмет Байтұрсынұлын қайта қамауға алады.Жұбайы Бадрисафа:"Ахметті қайда алып бара жатырсыңдар?" деген сұрағына "О дүниеге! " деген жауап алады.1937жылдың 25 қарашасында Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесіледі.

Бадрисафада қамауға алынып,Свероловск облысына жер аударылады.Ол жақта Бадрисафа қатты науқастанып қалады.Қостанайға қайтып келген ол,психикалық ақауы бар адамдарға арналған ауруханаға жатқызылады.Бадрисафаны Александровка ауылының маңайына жерлейді.

Осы жылдар бойы Бадрисафа Алаш көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының қасында болып,қолдау көрсетіп,күйеуінің қиындыққа толы тағдырын бірге бастан кешірген.

Ақпарат көздері:С.Қозыбаев "Имя в истории Бадрисафа"

И.Байтұрсын :"Алтын бесік"

Ж.Хасенова,И.Жеребцов:"Ахмет Байтурсынов :от репрессий к реабилитации"



Бөлісу: