Күту...

Қашан маған жолығады бақытым,
Сүйіп тұрып қызартатын бетімді,
Ол да маған кезігетін уақытын 
күтіп жүрген секілді...

Ей, өмірім, көңілімді желіп құр
Жалғыз мені қалдыруға құмарсың
Мен аңсаған көктем болып келіп бір,
жылытатын шығарсың.

Сәуір келді, кезікпедің әлі сен,
Күліп бірақ, қарап тұрды пешенем
Менде бір күн махаббаттан бал ішем,
сен ұсынған, кеседен.

О, махаббат сен бәрінен биіксің,
Жолың дара - сүю дейтін заңдылық,
Тек шынайы өлу үшін, сүйіп шын,
күте берем мәңгілік...

ШАРАПАТ РАУШАНБЕК
11.04.2015



Бөлісу: