Ыстық жас

Мамыражай мамырды артқа тастап, жадырап жаз да келді.Оқу аяқталып, соңғы қоңырау үні сыңғырлап,оқушы біткеннің барлығы ауылға аяқ басатын кез. Студенттердің де жазғы демалысқа шығатын уақыты таяу қалды.

Терезе алдында  ауылға қайтатын күнді күтіп, сыртқа телміре қарап Назым отыр. Ол кішкентайынан ауылдың шаңына аунап, тіршілігімен етене жақын өскен. Мектепті үздік аяқтап, арман қала  - Астанаға оқуға аттанған болатын.Университетті тәмамдауына құдай қаласа алда екі жылы  қалды. Ол терезе алдында ұзақ отырды. Ауылын сағына еске алды. Ондағы табиғатын, тыныс-тіршілігін, отбасын, сыныптастарын, бірге өскен көрші балдарды...бәрін,бәрін бір сәт еске алып, көзіне сағыныштың көз жасын үйірді.  

Міне, таң атып Назымның ауылға жетуіне аз ғана уақыты қалды.Астанадан Шымкентке қарай жүретін пойызға да ертерек билет алып қойған болатын. Ауылға апарамын деп өзі оқыған Астана қаласынан арнайы сыйлықтар сатып алуды да ұмытпапты. Апасына орамал, анасына   өзі ұнататын халат, әкесіне  шахмат, ағасына  телефонға арналған құрылғылар, інісіне «Абай жолы» кітабының барлық бөлімін, үлкен сіңілісіне  сурет салатын арнайы құрал – жабдықтар, ал кіші сіңілісіне  ойыншықтардың  көптеген түрлерін алыпты. Бір ғажабы  екі жыл бойы жинаған жәрдемақысының барлығын өз қажетіне жаратпай, ауылға апарамын деп сақтап келген екен. Көршілерге де сыйлық алуды ұмыт қалдырмапты.

                                                 ***

Поезд жүйткіп жүріп келеді. Назымның да поезды келетін уақыт жақындап қалды. Әне, поездың дауысы жақыннан естіліп жатыр. Назымның қуанышында шек жоқ. Назым айналасына бір сәтке көз жүгіртіп өтті. Өзі сияқты студенттер қаптап жүр екен. Кенеттен  гүрілдеп Назымның поезды келіп тоқтады. Ол заттарын көтеріп, асығып поездға мініп, өз орнына жайғасты. Вагон кезекшісінен   арнайы төсек жабдықтарын алуды да естен шығармады. Міне, осылайша арман қала Астанадан өзі туып өскен шырайлы Шымкент қаласына аттанып бара жатыр.

Арада біраз уақыт өткенде поезд кезекті бір станцияға келіп тоқтады. Назым купьеде бір жасы елуге таяп қалған  Гүлнұр есімді апаймен бірге еді. Сол тоқтаған станциядан солар отырған купьеге бір жас жігіт пен жас бойжеткен келіп жайғасып жатты. Назым да, Гүлнұр апай да оларға заттарын жайғастыруға көмектесіп, қолқабыс жасады. Олар жайғасып боламын дегенінше түс ауып, кеш қарайып қалыпты. Олар ендігі кешкі асты ішуге даярлық жасады. Ас ішу барысында танысып та үлгерді.Гүлнұр  апай  киелі Қазығұрттың тумасы екен. Өзі саясатқа жақын жан көрінеді.Қазіргі қоғамдағы саясаттың жақсы,жаман жақтарын айтып, бір қуанып, бір налып отыр.Өзі үш ұл, екі қыздың  анасы екен. Үлкен баласы да, одан кейінгі екінші баласы да  үйленіп, ол  үлкен ұлынан төртеу, ал екінші ұлынан үш  бірдей немере сүйіп отырғанын айтып, қуаныштан көзіне жас алды. Немерелеріне деген сағынышы шығар.Қыздарының үлкені қияға қонған болса, екінші қызы Назыммен қатарлас екен.Жұбайы өте қатал жан екен. Әсіресе қыздарына өте қатты қарайды екен. Қыздарым ешкіммен жүріп, көңіл қоспасын деп қыздарын өз таныстарының ұлына бесік кезінде атастырып қойған екен.Үлкен қызын да сол дәстүр бойынша атастырып, тұрмысқа берген екен. Ал кіші қызын атастырып қойғанымен, қызы оған қарсы болып отыр екен.Осы жағдайларды есіне түсіріп,Гүлнұр апай  көзіндегі моншақтаған жасты бір сығып алды.   Ал Арман есімді  жас жігіт Назымның жерлесі болып шықты. Астана қаласына жақын маңдағы жерде дәрігер болып жұмыс істейді екен. Жасы жиырма бес шамасындағы бойдақ жігіт екен. Ал қасындағы  Арай есімді бойжеткен сол Арманның  қарындасы болып шықты. Арай  да Назым оқитын университетте басқа факультетте оқиды екен. Биыл екінші курс екен. Олардың ата – анасы  Шымкент қаласының маңындағы Қайнарбұлақ деп аталатын ауылда тұрады екен. Әкелерінен ерте айрылған екен. Жұбайынан айрылған оның үстіне жасы таяп алған  анасы ауырып төсекке таңылып қалыпты. Соған орай олар ауылына беттеген екен. Назым да өзінің Шымкент қаласының маңынан орын тепкен киелі Бәйдібек өңіріндегі Ақбастау деп аталатын ауылда өскенін, білім алу мақсатымен арман қала Астанаға келгенін, филология факультетінің биыл үшінші курсына аяқ басқанын айтты.Осылайша танысып отырып түн болғанын да аңғармай қалыпты. Барлығы қалың ұйқыға кетті. Бірақ Назым көпке дейін ұйықтай алмай жатты. Поездың дауысы, әрбір станцияға жеткендегі кіріп, шыққан адамдардың дыбысы Назымның тынышын бұзды.

Сынаптай сырғып уақыт шіркін өте шықты. Таң атып, жұрт тіршілігі басталып келеді. Назым ерте оянған еді. Содан кейін Арман ояныпты-мыс. Екеуі тұрып купьені ретке келтіріп, таңғы ас ішетін жерді даярлап, Гүлнұр апай мен Арайдың оянғанын тосып отырды. Екеуі олар оянғанша сыртқа шығып, терезеге қарап жақынырақ таныспақ болды. Әңгіме барысында Арман өзінің ішкі сырын Назыммен бөліспек болды.Әңгімені Арман өзі бастады:

- Назым, менің жүрегімде мұң бар еді. Оны осы уақытқа дейін ешкіммен бөлісе алмай келемін. Соны сенімен бөлісіп, шер тарқатсам деп едім.Менің әкем мен бала кезімде, есімде жоқ, бірақ ес біліп қалған кезім. Біз ауылда туылып, сол ауылдың шаңына аунап өскенбіз. Үйде баладан Арай екеуіміз ғана. Әкем де дәрігер болатын. Бір күні әкем жұмыс істейтін ауруханада бір оқиға болыпты. Көктемнің алғашқы күндері болатын. Әкем әдеттегідей күнделікті жұмысына кеткен болатын. Жұмысқа келсе, бір ер кісі әйелінің толғатып жатқанын айтып әкемді үйіне ертіп кетіпті. Әкем тағы біраз дәрігер көмекшілері сол ер кісінің үйіне барып, толғатып жатқан әйеліне алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, ауруханаға алып келіпті. Ол отбасында тек қана бір ғана ұлы бар екен. Басқаларының барлығы қыз екен. Әлгі еркек осы босанғаны ұл болса екен деп күндіз-түні құдайдан тілеп жүрген көрінеді. Көп ұзамай әлгі әйел босанып дүниеге  тағы да қыз баланы алып келеді.Оны естіген  ер кісі бір қуанып, бір мұңайып отыр. Ол құрсақтағы сәбиінің ұл болғанын қатты қалаған еді. Дәл сол сәтте ауруханаға тағы бір әйел толғатып келген еді. Дәрігерлер бар күшін салып сол әйелді босандырып алды. Ол ұл болатын. Бірақ әлгі ұл босанған әйелдің күйеуі ауруханаға келмеген екен. Дәрігерлер жаңадана босанған әйелден күйеуінің қайда екенін сұрап әбігерге түсті. Ал әлгі әйел болса, дәрігерлерге өлгісі келетінін айтып жылай берді,жылай берді. Арада біраз уақыт өткенде ауруханаға бір еркек аяғын тарс тұрс басып кіріп келді. Өзі араққа сылқия тойып алған. Келген бетімен жолдағы адамдарға, дәрігерлерге қарамай әйелі жатқан палатаға кіріп келді. Әйелінің босанғаны ұл екенін көріп, мұңайып отырды. Оны көрген әлгі қыз босанған әйелдің күйеуі мән жайды білу үшін әлгі кісінің жанына беттеді. Әңгімесін тыңдады. Ол кісінің осыған дейін төрт бірдей ұлы болғанын, олардың бірі қазіргі таңда  темір тордың арғы жағында отырса, бірі  іздеуде екенін, бірі  ішімдікке тәуелді екенін, ал бірі ауру екенін айтып, қатты жылады. Енді қыз болса екен деп тілегенін де, ұлдан көрмеген қызықшылықты қыздан көрсем екен деп армандағанын айтты. Әлгі әйелдің өлгім келеді деп жылай бергенінің де мәнісі осында екен. Сол сәтте менің әкем екі кісінің әңгімесін тыңдап тұрып, екеуіне балаларын ауыстырып алуға кеңес берген екен. Сол сәтте екі кісі де, олардың әйелдері де ауыстырып алуға бел байлады. Осы сәтте мен де әкемнің жұмыс орнына  тісім ауырып келген едім. Әлгі  ұл босанған, кейіннен қызға айырбастап алған кісі,әкеме қарап, бір нәрселерді айтқан болатын. Кейіннен әкем сол кісінің айтқанын анама айтып жатқанында құлағым шалып қалды. Менің әкем менің сыртымнан әлгі кісімен құда болуға келісіп қойған екен.Себебі әкем мен ол кісі таныс екен.  Мен мұны естіп үйден қашпақ болдым.Бала кезім, ештеңеден хабарым жоқ. Үйден шығып, даланы беттеп  жүгірдім. Бірақ қайда бара жатқанымды өзім де білмеймін. Есімді аурухана бөлмесінде зорға жидым. Көзімді ашсам менің басым, қолым таңылған екен. Ауыр операция жасалғанға ұқсайды. Есімді жиып әкем қайда деп сұрай беріппін.Бірақ анам да, қарындасым да туыстарым да маған жек көрушілікпен қарап, жылап тұрды. Әкеме бірдеңе болғанын ішім сезді де, анамнан әкемді шақыршы, мен неге бұл жерде жатырмын деп сұрай бердім. Анам бір кезде бәрін айтып берді. Сөйтсем, сол күні, әкем менің сыртымнан әлгі кісімен құда болып, уәделесіп қойғанын естіп қойған күні, мен үйден қашып бара жатқанымда мені көлік қағып кеткендігін, жүрегіме қатты зақым келгендігін, бар қызықты балам білсін, көрсін деп әкемнің маған өзінің мейірімге толы жүрегін сыйға тартқан екен. Әрине, анамды сүйікті жарынан, қарындасымды әкесінен, туыстарымды бауырынан айырған мені  кім жақсы көрсін?Содан бері мен анамды тыңдаймын деп уәде берген болатынмын. Әкемнің соңғы сөзі әлгі уәдені бұзбаңдар деген екен. Ес біліп, етек жиған сәтімде анам маған сол қызбен танысып, сол қызды табуың керек деді. Мен ол қызбен міндетті түрде кездесуім керек. Бұл мен үшін өмірін қиған әкемнің маған артқан аманаты емес пе? Сол үшін мен өз сүйген адамымнан да бас тартып отырмын.  Бірақ... ол қызды қайдан табам, қайдан іздеймін. Мен тіпті оның есімін де, қайда тұратынын да білмеймін ғой...-  деді де купьеге қайта оралды. Назым да біраз ойға шомып тұрып, купьеге кірді. Кірсе Гүлнұр апай да, Арай да оянып қойған екен. Барлығы отырып таңғы асты әңгіме айтып отырып ішіп алды.  Арада біршама уақыт өткенде олар заттарын жинастырып, түсуге дайындық жасады. Себебі барлығы Шымкент қаласының теміржол вокзалынан түседі екен. Келесі станция олардың станциясы. Әні-міне дегенше көптен күткен шырайлы Шымқалаға келіп жетті-ау әйтеуір...!Барлығы түсіп, қоштасып әркім өз жолымен кетті. Назым поездан түскен соң бірден өзінің ауылына дейін жеткізетін такси тұратын жерге бет алды. Таксимен ауылына қайтқанша асықты.

                                                  ***

Ауылдың маңы... Туған жерінің топырағы, самал ескен желі, кешкі ауылдың тіршілігі, әр үйдің самаурынынан шыққан түтіні... бәрі, бәрі Назымның  көзіне оттай басылды.

Осылай ауыл тіршілігін ессіне алып отырып, көліктің ауыл шетіне келіп тоқтап, бұзылып қалғанын байқамапты. Қазіргінің техникасы тез бұзылып қалатын әдеті ғой. Назым оған онша көңіл бөлмей, сөмкелерін алып жаяу үйіне асығып кетті. Ауылдың шеті мен үйінің арасы біраз жер еді. Сонша ауыр сөмкелерді көтере алмай әр жерге бір тоқтап, аяғын әзер басып келеді. Кенеттен  бір жерге тоқтап демалып алмақшы ойға келді да, бір ағаштың көлеңкесіне келіп тоқтады. Сөмкелерін жерге қойып, қолын жазып алды.Ағаш көлеңкесінде біраз тұрып, қайтадан заттарын көтеріп, туған үйіне асығып жүріп кетті. Кенеттен Назымның көзі жол жиегінде жатқан қоңыр түсті қойын дәптерге түсті. Бала кезінен әдеби шығармаларға қызуғышылығының арқасында газеттерге жарияланған өлеңдерді, шығармаларды, ақындардың жыр-жинақтарын, осы сынды қойын дәптерлерді жинайтын әдеті бар Назым, осы жолы да қызығушылықпен сол қойын дәптерді қолына алды. Қойын дәптердің алғашқы бетінен бастап аша бастады. Бірінші бетіндегі анкета жазылған жері жыртылып кеткен екен. Сол себепті Назым оның кімдікі екенін білмеді. Алғашқы бетінде үлкен әріптермен  «КЕШІР МЕНІ» деп жазылыпты.Мына сөздің өзі Назымды одан сайын қызықтырып жіберді. Келесі беттерін алып оқи бастады. Оқыған сайын көзіне ыстық жастың қалай келіп, моншақтап, жанарын жасауратып жатқандығын өзі де байқамай қалды. Ол қойын дәптердегі  сөздерді оқи отырып, Назым бұл дәптердің бір жас жігіттің мүлігі екендігіне көзі жетті. Ол дәптерде былай деп жазылған екен.

«КЕШІР МЕНІ! Тағы да қайталап кешірім өтінемін! Екеуіміз туралы барлық ащы шындықты біле тұра сені құлай сүйгеніме,сені өзіме ғашық еткенім үшін, сені сүйе тұрып батылдық жасай алмай қолыңды сұрап, ата-анаңның алдына бара алмайтындығыма, бұдан әрі сені сүйе алмайтындығыма, сені бақытты ете алмайтындығыма,бәрі үшін кешірім өтінемін! Бірақ мен сенімен бірге бір жастықта өмірімнің соңына дейін  болғым келеді! Біреу күледі, біреу жылайды, біреуге ой керек, біреуге той керек,біреуге адам қымбат болса, ал енді біреуге алтын қымбат, біреу уақыт өткізе алмай әуре, біреу уақыт жеткізе алмай әуре, біреу тапқырлық жасайды, біреу сатқындық жасайды, біреу өледі, біреу көмеді.Бәлкім өмір жалған деген осы шығар. Бұл жалған өмірде  бәрі де болуы мүмкін ғой...Бірақ дәл бұлай болады деп ойламаппын.Неге? Менің тағдырым дәл осылай болды? Білесің бе, махаббатым! Саған бір шындықты осы уақытқа дейін, сезімімнің басталмай жатқанында айтуым керек еді.Бірақ ол кезде айта алмадым. Себебі сенен, махаббатымнан айрылғым келмеді.Бірақ енді бәрі кеш... Бірақ ештен кеш жақсы дегендей... Сол шындықты саған бір күні айтармын деп жүргенімде, сен де ауылдан кетіп қалдың, өкінішке орай саған айта алмағанымды  ақ параққа ақ қаламмен шертіп отқан жайым бар.Осыдан бір жыл бұрын үйде қатты ұрыс болды. Әкем ашуланып анама ұрсып жатты. Не себепті екенін нақты аңғара алмадым. Бірақ әңгімелерін тыңдап тұрдым. Мұным әбестік болып көрінсе де, бұдан басқа амалым болмады. Әкемнің айтқаны:

- баламызға барлық шындықты айтып, таңдауды өз еркіне беруіміз керек. Ал анам болса:

- жоқ, ол шындықты білмеуі керек. Егер біліп ққойып бізді тастап кетсе не болмақ? Осы жасқа келгенде кезінде шырылдап жатқанында перзентханада ауыстырып алған ұлымнан айрылғым келмейді. Ол өзінің  әкесінің, анасының кім екенін білсе, бізді тастап, өз отбасысына барғысы келсе ше? Жоқ ол жағын елестете алмаймын...

Міне, осылай деп анам жылап жатқанда, олардың ұрыстарының үстінен мен түстім. Бұл әңгіменің маған қатысты екенін ішім сезді. Содан әкемнен менің әкемнің кім екенін сұрадым. Анам үнсіз жылай берді. Мен олардан өзімнің отбасым туралы, не себепті ауыстырып алғандарын, бәрін білгім келіп сұрадым. Олар маған бәрін айтып салды. Кезінде мені бір қызбен айырбастап алған екен. Ал ол қыз сен екеніңді білген кезімде, қатты қиналдым. Себебі... сен менің туған үйімде, ал мен... сенің үйіңде өстік. Енді екеуіміз қалай бірге бола аламыз. Сен өз туған үйіңе қалай келін болмақсың... Ал мен өз ата-анама қалай күйеу бала болмақпын... елестетіп көрші...енді болашағымыз не болмақ....сенсіз өмірді де елестете де алмаймын... сол себепті осы шындықты саған ерте айта алмадым... бірақ ешнәрсеге қарамай сенімен бірге болғым келеді... ».- деп жазып аяқтаған екен. Назым осыны оқып тұрып үйінің алдына қалай жеткенін байқамай қалыпты. Көзіндегі жасты сүртіп, біраз ойланып тұрды да, үйіне кірді. Бірақ сол дәптерді оқыған сәттен бастап ой үстінен шыға алмады. Әрине Назымды алаңдатқан ой, олар бақытты болса екен деп тіледі.

                                                  ***

Назым кешкі астың үстінен түсті. Келе салысымен үйіндегілермен амандасып, мауқан басып, абыр сабыр болып жатты. Әкелген сыйлықтарын таратып, анасының тамағын сағынғанын айтып, ауыл жаңалықтары туралы сұрастыра бастады. Оқуда жүріп ауылды қалай  сағынғанын айтып  көзі жасаурап апасын бір, анасын бір, сіңілілерін бір құшағына қысып, жылап жіберді.

Осылайша уақыт шіркін зымырап өтіп ұйықтайтын уақыт та келіп жетті. Өзінің төсегіне жатып біразға дейін ұйықтай алмай жатты. Әр нәрсені ойлап,өткен істерді есіне алып.... жаңағы дәптердегі жазылған жігіттің өмірі туралы ойлап жатып, өзінің махаббаты есіне түсті. Өзі бір жігітке бала кезінен ғашық болатын. Әлі де ғашық. Ол жігіт те бұған ғашық. Екеуі бір сыныпта оқыған. Соңғы рет мектеп бітірген кезінде кездескен болатын. Бір-біріне мәңгі бірге болатындарын айтып, қимай қоштасқан болатын. Оны ойлады. Аман ба? Не істеп жүр екен? Қалайда оны көруім керек... Өзгеріп пе екен? Бәрін, бәрін ойлап жатты.Осылай ойдың жетегінде жатып, қалай ұйықтап кеткенін аңғармай да қалыпты.

                                                  ***

Таң бозарып атып келеді. Арайлап атқан таңның шапағаты әрбір үйге шұғыласын шашып тұрған сықылды. Әдеттегідей Назым ұйқысынан ерте оянды. Ерте тұрып, үйдегі шаруаларды тындырып тастады. Шайды самаурынға қойып, таңғы асты даярлай бастады. Содан соң барлығын біртіндеп ояна бастады. Барлығы бірге таңғы астарын ішіп, көңілді әңгіме барысында  үйге кімнің келгенін де байқамай қалыпты. Көшеде ысқырып келіп тұрған Назымның ұнататын адамы Абзал  екен. Үйге кіріп барлық отбасы мүшелеімен амандасып, Назыммен жолығуға келгенін айтып, Назым екеуі бірге көшедегі орындыққа қарай бет алды. Екеуі ұзақ әңгімелесті. Абзал қанша көңілді болғанымен Назым оның жанарының астында тұмшаланған бір мұң бар екенін байқады.Өзі сұрауға талпынғанымен, Абзал ол туралы әңгімеден қашқақтай берді. Абзал ішінен «егер мен дәл қазір барлық шындықты айтып салсам, Назымға қиын болмай ма, Өзі үйіне оралғалы да  көп болмады. Мен айтсам ол үйіндегілер туралы қандай ойда болады екен?»  Екеуі бірін-бірі  сағынысып қалыпты... Мектептегі естеліктері жайында әр түрлі қызықты сәттерді еске ала отырып, уақытты көңілді өткізді. Осылайша олар әлден уақыттан соң амалсыз қимай қоштасты. Сосын Назым өз үйіне кетті. Бөлмесіне келіп  көп ойланды. Сүйген адамының қандай мұңы бар екенін ойлады. Не себепті айтқысы келмегендігін ойлады. Барлығын бір сәт ой елегінен өткізді. Кенеттен Назымның мұрны тоқтаусыз қанай бастады. Жуған соң қояды деп ойлаған еді, бірақ тоқтар емес. Әлсіз боп, есінен танып бара жатқандай... Бір кезде оның бөлмесіне анасы келіп қалды. Назымның жағдайын көріп, шошып кетті. Кенет Назымның басы айналып, көзі қарауытып, жаны қатты қиналды. Бір кезде ол жерге құлап түсті. Анасы көзі жасаурап, хал үстінде жатқан қызының жағдайын көріп, қатты қынжылды. Абыр сабыр болып, жедел жәрдем көлігін шақырды. Көп ұзамай жедел жәрдем көлігі келіп, Назымды ауруханаға алып кетті.

                                                  ***

Аурухана бөлмесі. Ақ төсек, аппақ бөлмеде Назым шалқалап жатыр. Ауыр операция жасалынғанға ұқсайды. Назым біраз есін жинай алмай жатты.  Анасы мен әкесі дәрігерді сұрақтың астына алып жатыр. Сондағы сұрайтыны «менің жар дегенде жалғыз қызым Назымыма не ...болды... ол ешкімге жамандық ойламайды....неге... не боп қалды...дәрігер, айтыңызшы?»

Дәрігер бір минуттық үнсіздіктен кейін «Қыздарыңыз көп қан жоғалтқан, қанның құрамында дәрумендер азайып кеткен. Қыздарыңыз есін жинауы үшін оған қан керек.» дейді.

Назымның анасы мен әкесі бірден, менің қанымды алыңыз деп, қан тапсыруға кетті. Бірақ... олар ойлағандай болмады.  Назымның қан тобымен олардың қан тобы сәйкес келмейтін болып шықты.

Амалы қалмаған анасы мен әкесі  Назымның туған ата-анасына барып, барлығын айтып түсіндірмек болды.Назымның туған  анасы да, әкесі де бұл ұсынысқа бірден келісе кетті. Алып ұшып аурухана бөлмесіне жетті. Олардың қаны Назымның қан тобымен сәйкес келіп, Назым есін жинады. Сол кезде ол орнынан тұрып, сыртқа шықпақшы болды. Есікке беттеген кезі болатын. Өзінің әкесі мен анасының әлдекімдермен сөйлесіп тұрғанын естіп қалды. Әңгіме барысында ол барлық шындықты естиді. Сол кезде бөлмеге дәрігер кіріп келді. Назым да, дәрігер де есеңгіреп қалды. Себебі дәрігер мен Назым   поезда танысқан еді. Осы жерде олар қайта қауышамыз деген ой үш ұйықтаса да түстеріне кірмеген болатын. Бұл аурухана арманның әкесінің ауруханасы болып шықты. Сол кезде Арман да Назым да өмірдің ащы шындығына көздері жетіп, қатты қынжылды. Сол кезде Назым қайтадан әлсіреп төсегіне барып жатып қалды. Көзін жұмып, айналасындағыларға ұйықтаған кейіп танытқанымен, ішкі жан-дүниесі алай да дүлей..ақ борандай шыңылдап тұр...

                                                    ***

Күн әдеттегідей ыстық әрі қапырық. Автобустың ішіндегі шу басылар емес. Сол сәтте Арайдың (Арманның қарындасы)  телефоны шырылдап қоя берді.Телефон тұтқасынан бір кісінің дауысы әзер естіліп жатты. Бар естігені «Сіз оқуға түстіңіз. Аптаның басында сізге Лондонға келуге тура келіп тұр. Құттықтаймыз!» деген жалынды сөздер болатын. Сол сәтте ол бар қуанышын ағасымен бөліспек болып, автобустан түсіп қалды. Аялдамада ағасының ауруханасына апарып салатын такси тоқтатып тұрды.  Сол сәтте Арайдың такси тоқтатып тұрған аялдамасында  Абзал  да (Назымның сүйген жігіті) такси тоқтатып тұр екен. Кенет бір такси келіп тоқтады. Екеуі де бірдей сол таксиге таласып қалды. Бірақ көлік жүргізушісі жаны жайсаң, жайдары жан екен.

- Екеуіңіз де отыра беріңіздер, Екеуіңізді де қажет жерлеріңізге жеткізіп саламын.Қайда жол тарттыңыздар? – деп, көлік жүргізушісі айтып болмайынша, екеуі де бірдей:

- Орталық ауруханаға!....- деп айтып салды.

Осы сәтте көлік жүргізушісі таңқалып:

- Міне, ғажап! Екеуіңіз де бір жерге барады екенсіздер! Бұл жолы менің жолым болды!- деп өз ойын жеткізді.Арай мен Абзал үнсіз отыра берді.

                                          ***

Такси аурухана алдына келіп тоқтады. Арай мен Абзал жолақыларын төлеп, ауруханаға қарай беттеді. Арай бірден ағасы Арман отыратын кабинетке қарай, ал Абзал Назымның жатқан палатасына қарай жол тартты. Өкінішке орай Арай ағасын кабинетінен таба алмады. Аурухана дәлізімен әр палатаның есігін ашып, ағасын іздестіре бастады. Кенет бір палатаның есігінің тұтқасын ұстай бергені сол еді, ол есіктің тұтқасында басқа бір адамның қолы тұрғандығын байқады. Ыңғайсызданып қалды. Қараса, есік тұтқасына қолын қойып, ол есікті ашуға дәті жетпей тұрған Бір жігітті көрді. Ол Абзал болатын. Арай Абзалды  қайтадан жолықтырғанда не айтарын білмей дал боды. Өйткені Арай Абзалдың жанарында мұң бар екендігін байқаған болатын. Оған қазбалап ешнарсе айтып  та жатпады. Көзіне елемегендей болды. Арайдың бар ойы ағасын тезірек тауып, қуанышты жаңалығымен бөлісу еді. Ал Абзал ше...?

Абзал оқуға осы жылы түскен болатын. Мектеп бітірген соң ол әскерге барып, келген соң әр түрлі жұмыстарды істеп жүрді. Сосын әбдеен дайындалып оқуға экономист мамандығы бойынша Лондонға тапсырған екен.Бағы жанып оқуға түскен болатын. Ауруханаға келуінің себебі де сол болатын. Назыммен қоштасып, бар шындықты айтып оқуға кету еді. Бірақ ол Назым жатқан палатаның есігін аша бергені сол еді, палата ішінен Назымның жылаған дауысын, анасының да, әкесінің де  дауысын естіп, қынжылып қалған болатын. Арайдың ағасы да сол палатаның ішінде екен.

Арада біраз уақыт өткен соң Назым сол палатаның алдына тағы келді. Келсе Абзал әлі сол есіктің алдында тұр екен. Есікті ашып ішке кіре бергенінде, Абзал оны тоқтатып қалды.

- Ішке кірмегеніңіз дұрыс болады – деп, айтып салды. Арай бірақ ағасын іздеп жүргендігі туралы, ағасымен тез арада сөйлесуі керек екендігін айтты. Абзал арайдың  қолынан ұстап екеуі бірге тысқа шығып кетті. Екеуі ұзақ үнсіз отырды. Бір кезде  Арман да тысқа шықты. Жанарында жас толып тұр. Өзін кінәлі сезінетіндей. Тысқа шығып ойланып тұрғанында арайдың қасына келіп қалғанын аңғармай да қалды.  Сасқалақтап..:

- Иә, Арай жайша жүрсің бе? Қашан келдің? Ұзақ күтіп қалдың ба? – деп сұрақтың астына ала бастады. Арай да не болғанын түсінер емес...

Бірақ Арай қуанышын айтуға келгені есіне түсіп, ағасына барлығын айтты. Ертен таңертеі жолға шығатынын айтты. Өз елімізден тағы да біраз студенттер барады екен. Екі жылдың оқуға кетіп бара жатқандығын айтып, қоштасуға келгендігін айтты. Арманбір жағынан қарындасының оқуға түскендігіне қуанып, бір жағынан қарындасынан жырақтағысы келмейтінін айтып жеткізді.

- Жолың болсын, жарқыным! Үйге барып, заттарын жинастырып, жолға дайындал!- деп Арайды шығарып үйге қарай шығарып салды. Содан соң ауруханаға қайта келіп, аурухана сыртында  ағаш көлеңкесінде отырған бір жас жігітті көзі шалып қалды. Қасын барып өз мұңымен де бөліспек болды. Қасына келіп екеуітез арада таныса кетті: Арман:

- Ассалаумағалейкум!

-Уағалейкум ассалам!

- Байқап қарасам  жанарыңызда мұң толы сияқты ғой...

-А, бұл өмір ғой.. қайтеміз енді.. бәріне көнеміз..көнуден басқа амалымыз бар ма? –деді де Абзал Арманға қарап:

-Иә, олай сұрағаныңызға қараңанды өзіңізді де бір мұң жегідей жеп жүреген сияқты ғой. Таныса отырайық, Есімім Абзал болады.

-Арман (Екеуі бір-бірлеріне қолдарын ұсынады)

-Қуаныштымын!

-Мен де!

-Үстіңіздегі  ақ халатқа қарағанда аурухананың бас дәрігері сияқтысыз ғой!

-А, иә, оыснда бас дәрігермін. Осында бір бойжеткен ауыр жағдаймен түскен еді. Ол қыздың өмір жолы ауыр екен. Бір қызығы сол қызбен мені бала кезімізде  атастырып қойған екендігін біліп, жүрегім қан жылап жатыр....

Абзал таңырқап қалды да:

-Сіздің жағдайыңыз ауыр екен. Бірақ ол қыз жақсы, тәрбиелі болса.. болды ғой. Жақсылап танысып дегендей – деп өз ақылын айтқандай болды.

Сол кезде Арман:

- Ол өзі өте жақсы қыз. Оны алғаш поезда жолықтырғам. Бірақ бір рет кездескен қызбен дәл осындай жағдайда ауруханада кездесем деп ойлап пе ем?Оның үстіне жақында ғана анамның қайтқанына қырық күн толып еді.

- Иә, бұл – өмір ғой. Мен де өте ауыр жағдайдамын. Менің сүйген қызым... екеуімізді.... дүниеге келген күнімізде перзентханада ауытырып жіберген екен. Ол екеуіміз бірге бола алмайтындығымызға қатты налып отырмын... Өмірден түңіліп кеттім.... – деп Абзал көзіне ерік бере алмай қалды. сол кезде Арманды ауруханаға шақырды да, екеуі қоштасып.. Арман ауруханаға кірді.. Абзал да біраз уақыт далада отырды да, ауруханаға кіріп, Назым жатқан палатаға қарай беттеді. Палатаның ішіне кірсе, Арман мен Назымның сөйлесіп отырғандарын көреді.

Сол сәтте Арман да, Назым да есікке қарай көздерін салды. Қараса өзінің сүйген  жігіті Арман екен. Сол кезде барып Арман барлығын түсінгендей болды. Назымның сүйген жігіті Абзал екендігіне көзі анық жетті. Палатадан екеуін оңаша қалдырып, тез шығып кетті. Назым жасаураған жанарымен Абзалға қарап:

- Қалың қалай? Денсаулығың қалай? Бұл қалай болағаны? Айтшы маған бәрі жалған деп... олардың айтқандары өтірік деп айтшы.. Неге тұрсың,.. ешнарсе айтпай? Әлде сен де соны шындық дегің келгені ме сонда?.. – деп жылап жіберді.

Абзал:

- иә,Назым, сабыр сақташы, бәрінің айтқандары шындық... бірге бола алмайтындығымызды естіген күні мен өз-өзіме қол жұмсамақшы болғанымда мені сенің әкең, яғни, менің туған әкем тоқтатып қалған болатын- деді де Назымды құшағына қысып, екеуі бірге жылады.Арада біраз уақыттан соң Абзал барлығын ұмытып, жаңа өмір бастағысы келетінін, оқуға түскендігін, енді сол оқуға ертең жолға шығатынын айтты.Екеуі бір-біріне бақыт тілеп, қимай-қимай қоштасты.

                                          ***

(Арада  екі айдай уақыт өткен соң).

Назым сауығып, үйіне шықты. Үйіне келіп естеліктерді қарап отырып біраз ойланды. Бір жағынан үйіндегілермен сөйлесіп, шындықты анасының өз аузынан естігісі келді.

- Әке, ана, мені не себепті ауыстырып алғандарыңызды білсем бола ма, не себепті өзге біреумен туылған кезімде ауыстырып алғандарыңызды, барін білгім келеді. Айтыңыздаршы....

Әкесі:

- Қызым... менің өмірде бір ған арманым болды. Мен қызым болса екен деп армандадым. Сен ағаларың туралы білесің ғой... үлкен ағаң сен оқуда жүргеніңде өз-өзіне қол жұмсап жер құшты. Екінші ағаң темір торда.... Ал үшінші ағаң  ішімдікке іуестігінің соңынан айықпас дертке шалдығып, қазір арнайы емдеу орталығында екендігін, ал одан кейінгі ағаңның жер басып жүргеніне шүкір. Міне, менің бар жағдайым осылай болды. Содан кейін мен ұлдарымнан көрмеген қызықты қыздан көрсем деп армандаған едім. Содан анаң босанатын кезде, бізге аурухананың бас дәрігері  әйелімнін аман босануына көмектесті. Әйелімнің ұл босанғанын естігенімде, бұл ұлым қандай адам болады екен деп қайғырдым, Сол кезде ауруханада....

- Болды.. тоқтатыңызшы.. ары қарай айтпасаңызда біліп тұрған сияқтымын....(Назым жылап жіберді)

Әкесі мен анасы оны жұбатып жатты.

Назым бөлмесіне кіріп, көп ойланды. Ойланып отырып мынандай шешімге келді.

- Мен өткенді қайтара алмаймын. Сол себепті тек алға жүру керек. Арман жаман жігіт емес сияқты. Мені бақытты ете алады. Әкем айтқандай,  менің қызықшылығымның куәсі болып, олар да бақытты болады. Иә, тағдырдың жазғаны осы болар. Өмірге келгеніме Аллаға мың да бір шүкір!

Осылай ойланып отырып, кенет өз ойын ата –анасына айтпақ болып шешім қабылдады.

Ата-анасы оның ойын мақұлдап той қамына кіріседі.

(Арада біраз уақыт өтеді. Ұзату тойы болып, Назым Арманның үйіне келін болып түседі.)        

                                     ***

Абзал бүгін күндегісінен ерте оянды. Сабаққа дайындалып көшеге серуендеуге шықты. Шет елде жүріп, ауылын, ондағы әрбір  істерін, достарын, отбасын сағына еске алды.Кенет көшеде бір таныс қызды көріп қалды.Ол қыз иттен қорқып, жыламсырап  тұр екен. Абзал оған көмектеспек болып еді,(ол қыз Арай болатын) Ол бойжеткенкөмегінің қажет емес екендігін айтты. Сол кезде барып Абзал ол қыздың Арманның қарындасы Арай екенін таныды да ешнарсе айтпастан  кері бұрылып кете барды. Бірақ  Абзал ескі жараның аузын тырнағысы келмегенін біліп, жүрегі Арайды ұнатып қалғанын сезген еді. Бірақ оның бар қорқынышы жүрегін қайта жаралап алу болатын. Біраз уақыт өзін Арайдан алшақ ұстап жүрді. Осылайша сыныптай сырғып уақыт шіркін өте берді. Бір күні Абзал шет елдегі достарымен дүкен аралауға шыққан болатын. Сол кезде жол іздеп жүрген Арайды кездестіріп қалды. Арайға жол көрсетпекші болып еді, Арай бұл жолы да қарсы болды. Мейлі, өзі білсін деп Абзал кетіп қалып еді, Арай мұнда ешкімді танымайтынын, Абзалдан басқа ешкім оған көмектесе алмайтынын біліп, Абзалдың көмегіне жүгінді. Екеуі кешке дейін елді аралап, Абзал Арайды пәтеріне дейін шығарып салды. Сол күннен бастап екеуі кездесе бастады. Бірін – бірі туралы барлығын біледі. Екеуі сондай бақытты күндерді бастан кеше бастады. Ағасына қоңырау шалып, ағасының Назымға үйленгенін бәрін естіп білген болатын. Ол жағынан Абзал да хабардар еді.

(Екі жылдан соң)

- Анашым, әкешім қараңыздаршы, үйге қонақтар келе жатқан сияқты. . Қолдарында көп сөмкелері бар.

Бұл Назым мен Арманның  екі жасар ұлы мен  бір жасқа аяқ басқан қызы болатын. Сол сәтте Назым түскі астың қамымен, ал Арман болса балаларына әткеншек жасап жатқан болатын. Екеуі балаларының сөздеріне аса қатты мән бере қойған жоқ.Бір кезде есік жаққа қараса  үйге кіріп келе жатқан Арманның қарындасы Арай мен Абзал болатын. Есікке кіргеннен кейін Арай ағасымен, жеңгесімен, балалармен амандасып, Абзалды үйге шақырған еді,Абзал қарсы болды. Сол сәтте Арман оған үйге кіріп шай ішіп кетуін сұрады. Назым тез арада дастархан жайып, барлығы бірге шай ішіп, әңгіме дүкен құрды. Сол кезде сөз арасынан сөз шығып, Арай мен Абзал үйленіп, үй болуға шешім қабылдағанын айтып, ағасы мен жеңгесінің ойларын сұрады.Арман да , Назым да оған қарсы емес екендігін айтып, ақ батасын берді.

Осылайша тойдан тойға ұласып, Арман мен Назымның отбасы, Абзал мен Арайдың отбасы  бақытты ғұмыр кешеді.    

 



Бөлісу: