Қой үйлену керек...

Жас деген жиырма екіге келді. Жүріс мынау. Бұрыңғы бабаларымыз он үште отау иесі болушы еді, ол уақыттан тоғыз жыл асып кеттіппін. Үйленуге қыз жоқ десем, "не көп қыз көп емес пе й", деп қырта салады. Бұл сөзге өзім негізі қатты шамданам. Қыз деген телефон емес қой көрінген жерден ала салып қолдана беретін. Сезімсіз алынған жұбайыңмен қанша тұрам дейсің. Оған үйленіп алып, бірде болмаса бірде, әйтеуір жақсы көретін адамды тапқанда өмір бақи сорлап жүретін де жағдайым жоқ. Мен үшін ол әйел - болашақ менің жарым, отбасымның ұйытқысы, балаларымның анасы емес пе. "Соңыңнан мықты ұрпақ қалдыру үшін, мықты әйел алу керек", деген позицияда бар. 
 Бірақ қазіргі қыздарға қараудан қалдым шыны керек болса, екі үш кездесуден кейін қыздардың барлық қыр - сырын көріп, жүруге желание қалмайды. Нақтырақ айтсақ мінезі ұнамайды, жасаған қылығы, болмаса әдепсіз, мәдениетсіздігі ұнамай жатады. Кейде ойлап қоясың бұл жалғанда идеал қыз жоққой кемшілігін дұрыстатып жүріп алсам ба деп, сосын қой махаббатым әлі оянбаған шығар, оянса сынамас едім ғой дәл солай деп, өзімді жұбатамын. 
 Сөздің қысқасы қазір үйленгім келеді, сосын келмейді. Қыз тапқанмен тойға ақша табу керек, ол үшін кредит алу керек, сосын ипотека, өмір бақи ақша төлеп өтесің. Оданда енді екі жыл күтіп, мықты маман болып, көлігімді астыма басып, үйімді де қарызсыз салып алайын. Сосын бір аруға кез болып үйленіп алармын. 
П-сы: Мен қыз іздемеймін, оданда сол қыз әдемі сезімдерімен мені іздесін.  



Бөлісу: