*** Енді қашан келесің? ***

*** Енді қашан келесің? ***
жеке
блог


Төгіліп көзіңнен нұр, тым арайлы,
Кеудемнен сезім күліп сығалайды.
Күйін іздеп жанымның «Жанар» деген
Қос құлағын жүрегім бұралайды.

Сейілгендей санамнан алып бір мұң,
Сағыныштан сен мені сауықтырдың,
Гүл беріп кеше күтіп алмасамда
Ғашық көзбен шығарып салып тұрдым.

Көгершін секілдісіз сіз ақ қанат,
Сыртыңнан қала бердім ұзақ қарап,
Сағыныштың жіптерін маған байлап
Теміржолда бір поезд ұзап барад.

Сен мені, мен де сені сағынармыз,
Заңдарға жазылмаған бағынармыз,
Отарбаға отырып сен кеткенде
Мен қаламын перонда тағы жалғыз.

Терезеден қарап бір қол бұлғадың,
Қош бол, деп менде қимай зорға ымдадым
Қолымда сенен қалған жылу барда,
Қара желдің қайтейін ,тоңдырғанын.

Жалғыздықты сездірмес бар қаламым,
Өлеңіммен өзіңсің таңдағаным,
Енді қашан барамын саған қарай
Енді қашан келесің жан- Жанарым?!

ШАРАПАТ РАУШАНБЕК