Махаббат – ұлы сезім. Махаббаттың құдіреттілігі сонша, ол бүкіл әлемді өзіне бағындыратын ұлы күш. Адамның бүкіл санасын жаулап алатын, оны ақылға сиғысыз іс-әрекеттерге итермелейтін құдірет иесі. Махаббат адамды толықтай өзгертеді, оны барлығына да үйретеді. Жақсылыққа да, жамандыққада. Махаббаттың бал дәмін татып көрудің өзі бір бақыт."Әлемді құтқаратын махаббат!" -деген сөздер бекер айтылмаған болуы керек. Ал қазір сол махаббаттың құдіреттілігі, оның киелілігі жоғалып бара жатқан сияқты. Кейбір опасыз жастардың қолында ол қарапайым ойыншыққа айналып бара жатқан секілді.
Өткен ғасырларда би алаңында танысу қандай сәнге айналған болса, бүгінгі күні интернет алаңдарында танысып, табысу сондай сәнге айналып отыр. Ыңғайлы әрі қолжетімді құрал. "Тағдыр маған екінші жартымды қашан жолықтырар екен?!" деген салмақты сауалды тіптен оңайлатып жібергендей. Махаббат деген тек ақыл-ойдың бір арнада тоғысуы емес, бір-бірін тілсіз түсініп, көзбен ұғу, ғашық болу. Үздіксіз хат алмасудың нәтижесінде бір-біріне бауыр басушылық пайда болып, адамды көрмесең де, оған зәру болып қаласың. Интернетте адамның өзі емес, суреті сөйлейді.
Жай бір суретке қарап, оның жазған хаттарына қарап ғашық болу ақылға да сыйымсыз. Нағыз махаббаттың не екенін білмей? Шынайы махаббатын таба алмай, адасып, махаббат пен жай өткінші сезімді шатастырып жүргендер болғанда қайдағы виртуалды махаббат??? Неше түрлі қызды өткір тілімен алдап, арбауына түсіретін жігіттер де бар. Шындап қарағанда компьютердің артында кім отырғанын қайдан білсін. Фотошоппен жасаған суреттеріне қарап әңгіме айтатын жастардың санасы уланған. Интернетке бағынышты адамдар көбіне жаратылысынан тұйық, жабық адамдар болып келеді,-дейді психологтар. Оларға шынайы өмірде қарым-қатынас жетпегендіктен, жеткіліксіз қарым-қатынастың орнын интернеттегі қарым-қатынас басады. Интернет арқылы қарым-қатынас адамның шынайы өмірде өз тағдырын жасауына кедергі болуы мүмкін.
«Интернеттегі махаббат» бұл сөз бүгінгі таңда күнделікті құлағымызға тұрпайы естілмейтін қарапайым сөзге айналған сияқты. Бала күнімде «махаббат» деген сөзді естігенде өзгеше ойланып қалатынмын. Ол қандай сөз, ол сөздің қандай құдіреті бар ? Кітаптардан, теледидардан көрген фильмдерімізде махаббат жайлы ести бастағанда оның қандай ұлы сезім екендігі жайлы ойлана бастадым. Мектеп табалдырығында жүргенде қазақ әдебиетінен лиро-эпостық жырларды көп оқитынбыз. Ол жерде жастардың бір-біріне деген ыстық махаббаттары, пәк сезімдері шебер бейнеленген. Сол жырды оқи отырып махаббаттың қандай ұлы сезім екенін, оған кез келгеннің қолы жете бермейтіндігін түсіндім. Мысалы: Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу. Осыған қарап шын ғашықтар өмірде қосылмайды деген сөзге иланатын сияқтымын. Ол кезде қыздар жігітінің көзіне тік қарауға ұялатын. Махаббаттарына адал болатын. Абай атамыз айтқандай «ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көр де ішбен біл» дегендей,оларға бір-бірін көргеннің өзі жетерлік еді. «Сүйем» деген сөзді айту қиынға соғатын.
Ал, қазір жастардың арасында «сүйем, күйем» деген сөздер хитке айналған тәрізді. Бүгін интернетте танысып, ертең кездесуге шақыратын азаматтар арамызда жетерлік. «Азапсыз махаббат, арзан махаббат» демекші қазіргі жастар қиналғысы келмейді. Арзан заттарға қызығады және ол баянсыз болады. Қазіргі жастардың санасын «ғаламтор» атты зұлым күш жаулап алды. Ондағы жаңа достық , жаңа танысулар бәрі үйреншікті , бізге таңсық емес жағдай. Интернеттегі махаббатқа мен мүлдем сенбеймін. Жалпы, тек мен емес адамдардың көбісі сенбейді деп ойлаймын. Интернетте танысқан таныстықтың соңы махаббатқа ұласып , жас отау болып жатқан жастар да бар. Мысалы : жігіт ғаламтор желісінде бір қызбен танысады, араласады . Арада біраз уақыт өткен соң, жігіт оған үйленуге ұсыныс тастайды. Қыз келісімін беріп, екеуі үйленеді. Бірін –бірі толық білмейтін жас жұбайлар арасында түсініспеушілік пайда бола бастады. Арадан жыл өтпей екеуі екі жаққа айырылады. Сондағы ұлы махаббат қайда қалды? Екеуі күнде интернетпен, телефонмен сөйлесіп, «жаным,күнім» деп жүрген жандар еді ғой... Бұл тек бір жағдай ғана емес. Қазір екінің бірі интернетпен танысып, үлкен махаббат құрып, жанұялы болып жатқандар жетерлік. Бірақ бұл махаббаттары баянды емес. Бұл жағдайлар ата-апаларымызға тұрпайы көрінетін. Қазір ол қоғамда орын алып жатқан қарапайым өмірдің бөлшегіне айналған секілді. Таяқтың екі ұшы бар. Интернеттегі махаббаттың соңы кейбір жанұяларда бақытқа ұласса, кейбіреуінде айырылысуға ұшырап жатады. Ғаламторда танысып, шаңырақ көтеріп, қазір ел қатары өмір сүріп жатқан жастар да жетерлік.
Интернеттегі махаббат –махаббаттың ең жағымсыз жағы. Интернет арқылы адамды іштей ұнату болуы мүмкін , бірақ ғашық болу мүмкін емес.
"Махаббат – мәңгі ертегі" оны айтып тауысу мүмкін емес. Махаббат – ол екі адамның бірін-бірі қас-қабағынан-ақ айтқызбай түсіну, әрдайым сүйгеніңді көргің келіп тұру, оның жанында өзіңді бақытты сезіну, қамқорлық жасау. Адалдық пен пен сенімділік және түсіністік қол ұстасқан екі жастың бір-біріне деген ішкі нәзік сезімін көрсетеді. Армандары бір, ойлары ортақ, мақсаттары айқын жандар өзара бірігуге ұмтылады.
Интернет, адамдарды жақындатпайды. Ол жалғыздықтың жиналуы.
Махаббатсыз өмір бос... Рас, өміріңде біреуге ғашық болмасаң өмірдің мәні жоқ секілді. Барлықтарыңызға адал махаббаттарыңызды сүрінбей табуға тілектеспін.
ЭжБЖМ
Батыр Айман