Махаббат тілі

Жақында бір кітапты оқып бастадым. Әлі аяғына жетпедім ))). Сонда да, сіздермен бөлісуге асықтым. 

"Сүйіктіңізбен бір тілде сөйлесіңіз" дейді Гарри Чэпмен өзінің "Махаббатың бес тілі" кітабында. Кітап, көркем әдебиет ретінде жазылмаған, ол өмірден мысал келтіре отырып психологиялық түсіндіру түрінде жазылған кітап. 

Жалпы, бәріміз адам болғасын, пенде болғасын бәріміздің бақытты болғымыз келеді. Біраз кездесіп не үйленгеннен кейін ғашығыңыз екеуіңіздің араларарыңызда түсінбестіктер мен айтылмай қалған сырлар пайда бола бастайтындай. Басында бәрі жақсы, екеуіңіз керемет түсінісетін екеуіңізге уақыт өте келе не болғанын түсінбей дал боласыз. Онымен ашық сөйлесуден гөрі, іштей ойларды жинап, ол туралы басқа адамдармен ақылдасып өз өзімізден ойлар ойлап тауып шатасып, ақыры аяғы ренжісіп, айырылысып жатамыз.

Міне, осындай сәттер адамға қатты әсер етеді, эмоционалды депрессияға ұшыраймыз. Сондағы бар нәрсе, қасымыздағы адамның нені қалайтынын, қай тілде сөйлейтінін білмеумізден екен.

"Бір тілде" дегенде ойлап отырған шығарсыз, ұлтымыз бір ғой деп. Бұл жерде "тіл" оның қалауы, оның ойы, оның түсінігі деген қарапайым заттарды елемеуімізден басталатын іс әрекеттеріміз екен. Шынайы сезім мен қызығушлықты ажырата білмеуде адамдардан алыстауымызға әкеліп соқтырады екен. 

Кітапты оқып отырып, өмірді басқаша құрғың кеп кетеді. Қателіктерді жібергің келмей, оны түсінуге талпынасың.

Кітаптың қазақша да нұсқасы бар екен, оқып шығыңыздар. Қызық кітап, сүйіктілеріңіз бен жақындарыңызды түсінуге көмегі тиер деп бөлісіп жатырмын. 



Бөлісу: