Махаббат станциясы
блог
Махаббат станциясы...Фильмді көргендер қаншалықты көп болғанмен, әлі көріп үлгермегендер де аз емес шығар. Негізінен өмір де сол сияқты: қанша станцияны артта қалдырдық, үлгермегеніміз қаншама.. Оқиғалар пойызымен біріміз ерте кетсек, біріміз соңынан велосипедпен қуып жете алмаймыз. Дәл қазіргі уақытта бірі махаббат, бірі мұң, тағы бірі бақыт немесе одан да басқа станциялармен қауышып жатса керек. Әрбір жолығу белгілі бір өзгеріске алып келеді. Және сол өзгеріс не өмірдің мәні, не уақыттың элементар бөлшегі боп есте қалады. Ғасыр саны көп болғанмен, өмір шектеулі.
Қателіктер де көп, кешірім де шексіз, алайда төзім санаулы.
Бағалайық, кешірімді болайық, т.с.с. үндеу сөздер көп естиміз, оқимыз, айтамыз. Әрине мұны тыңдайтын құлақ бар да, іске асыратын жүрек бар. Ең дұрысы, өзіңіз қалаған станция бағытына билетті уақытында алыңыз, әрі қарай пойыз өзі-ақ жеткізіп салады)