"Махаббат символы" қандай болу қажет?

"Махаббат символы" қандай болу қажет?
жеке
блог

"Махаббат символы"

         Ал, халайық, менім екінші жазбам жазылуда. Бұған не себеп десек, біріншіден 3-5 қараша аралығында Жамбыл облысында блог-тур өтіп жатыр. Жазба жазылып жатқан уақыт 05.11.2014 жылы сағат 0.55 болып жүріп бара жатыр. Уақыт өтіп бара жатыр. 4 қараша күні түскі уақытқа жақындағанда Шу ауданы, Төле би ауылында "Жастар саябағы" бар екен. Онда басты экспонаттарды Қали Қораласбаев деген азамат жасап Шу ауданының 80 жылдық мерейтойына сыйға тартқан. Бұл енді керемет экспозициялар.

         Ой келіп тұр, Тараз қаласында басты тойдың алдын "гулянка" шығады. Онда жас жұбайлар Қарахан баба кесенесіне, Айша бибі кесесіне, Тектұрмас баба кесенесіне барып тағзым жасайды. Онда той болғандықтан кейбіреулер сау барады, екіншілер сылқия ішімдікке тойып барады. Осы жерде қандай тағзым туралы айтала аламыз? деген сұрақ туындайды.  Қалған уақыттары болса Тұңғыш Президенттің саябағына көліктің музыкалық дыбысын қатты шығарып, би билейді.  Енді жастарға арналған "Махаббат аллеясы" бар. Көп жас жұбайлар барып суретке түсіп естеліктер жасайды. Тура сол аллеяда дүниеден озған кезінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыған Болат пен Айнұр  ескерткеші орналасып тұр. Тарихдан "Олар жаңа жыл қарсаңында махаббаттай асыл сезімдерін бір одаққа біріктіріп, шаңырақ көтеруге асығып елге келе жатқан. Бірақ ұшақ апатына ұшырады. Апаттан кейін мәйіт іздеген сүңгуірлер Каспий теңізінен Болат пен Айнұрдың денелерін, құшақтары ажырамаған күйлерінде тауып алды. Олар апатты дабыл қағылысымен, өздерін бір-біріне белдік белбеумен байлап тастап, о дүниедегі мәңгілік мекендеріне де құшақтары ажырамаған күйде кетіпті". Сонда дүниеден қайтыс болып кеткендердің ескерткіштере барып сауық-сайран құрып жүргендігіміз ғой. Негізі ол монументті марқұмның әкесі облысымызға белгілі Амангелді Кәрентаев деген азамат тұрғызған.

         "Махаббат аллеясы" - махаббат символы болып тұрған жоқ қазіргі уақытта, шешімін төмендегідей көріп тұрмын, онда "дүниеде алғашқы махаббат кездерінен мүсін неге жасап коймасқа", "екі жастың танысып сенімге ие болған кездерінен немесе екі жастың берік махаббат болу жолында ер жігіттің тізелеп тұрып қыздың қолын сұрауға секілді топтастырылған" немесе кезеңді тағламға бай  болғандықтан ұсыныс достар, талқылап көрейік ойларыныңызды күтемін...