Махаббат пен достық

Махаббат пен достық
жеке
блог

Бір кезде махаббат достықтан сұрапты: “Мен тұрғанда сенің адамдарға керегін не?” - деген, сонда достық: ”Сен жылатып кеткен жерге, күлкі сыйлау үшін...” – деп жауап қайтарыпты. Махаббат пен достық екеуі әрқашан бірге жүреді, бірін-бірі толықтырады. Ал осы екеуі бір-біріне кедергі бола алады ма? Әрине, өмірде махаббаттың достыққа кедергі болатын жағдай жиі кездеседі. Өкінішке орай, өмірде достықтың да махаббатқа кедергі болатын жағдайын кездестіруге болады. Яғни, махаббат жылатқан жерде тек күлкі сыйламай, сол жасқа себепші өзі болып жылатып та кетеді. Ол екеуі бірін-бірі бірден ұнатты. Жүректері оны бірден түсінсе де, өздері түсінуге асықпады. Бір-бірінің сезімдерін білмеген қос жүрек, іштеріндегі ыстық өртті сөндіруге тырысып, бір-біріне салқындылық танытты. Бірақ, бұл кейіп ұзаққа созыла алмады. Жігіт әр түрлі жағдайларда қыздың қасынан табылуға тырысты, қыздан көзін тарта алмай, жүрегіндегі махаббат лүпілі өрши түседі. Ал қыздың жүрегі жігіттің қарағанынан, тұнғиық көздердің тереңдігінен жіби берді. Сөйтіп жүріп, бастарынан кешіп жатқан күйдің аты махаббат екенін енді түсіне бастаған кезде, ғашықтық күйден енді рахат ала бастаған кезде, араларында бір кедергі пайда болады. Ол кедергі - жігіттің досының сол қызға деген сезімі, яғни, ғашық болуы. Досының сезімі туралы білген жігіт қатты қиналды. Ол аздай, досы жігітке қыздан аулақ жүруге өтініш білдірді. Туған бауырындай көрген досының сөзін, сезімін жерге тастай алмаған жігіт, әрине, достықты таңдайды. Ал қыз жігіттің неліктен бірден суыққанды болғанын түсінбейді. Түсінген кезінде, досының көңілің қайтаруға тырысқанымен, ештене шықпайды, досы дегенінен қайтпады. Оны түсінген қыз екеуімен де қарым-қатынасын үзуге бел буады. Арада 1 жыл уақыт өтеді. Ортақ таныстарының кешінде қос ғашық кездеседі. Бір-біріне деген сағыныш қойындарына сыймай, бір-бірінің көздеріне ұзақ үніле карап отырады. Сол кештен кейін жігіт қызға телефон шалып, кездесуге ұсыныс жасайды. Қыз ұсынысты, әрине, қабыл алады. Кездесу уақыты белгіленеді. Қызға да, жігітке де кездесу сәтіне дейін уақыт тоқтап қалғандай көрінді. Солай жүргенде, сол сәтте де келіп жетті. Күз. Қараңғы түн. Жаңбыр. Сол ғажап жаңбырдың астында қос ғашық бір қолшатырды ұстап тұрды. Қыз жігіттің көздеріне бірдене оқығысы келгендей ұзақ қарап тұрды. Жігіт те қызға қарап тұрды, бірақ ештене айта алмады. Оны түсінген қыз кетуге бел буды. Енді кетейін деп, бір қадам жасап үлгермеген қызды жігіт ыстық құшағына қысып алды да: “Мен сені сүйем!” – деді. Осы сәтті, осы сөздерді көп уақыттан бері күтіп жүрген қыздың көзіне кенеттен жас толды. Ал жігіт, өз кезегінде, қызды құшақтап тұрып болған нәрселер үшін, жоғалтылған уақыт үшін, қиналған сәттер үшін досын кінәламауға өтінді. Досының бар кінәсі қызды шын жүрегімен, қатты сүйгенінде екенін де қосып айтты. Міне, сол сәттен бастап қыздың өміріндегі ең тәтті түс басталды. Естен кетпес кешкі серуендер, күнделікті жылы сөздер мен тәтті сезімге толы смс-тер, ұйықтамай телефонмен сөйлесумен өтетін айлы түндер, жалпы ғашықтық сезім қыз бен жігітті ғажайып ертегі әлеміне көшіргендей болды. Бірақ, өкінішке орай, бұл тәтті түс те, ғажайып ертегі де ұзаққа созылмады. Жігіт бәрін досына айтып береді. Соны білгеннен кейін досы жігітпен достығын аяқтауды шешеді. Сонымен қатар, оқуын қойып, оқу жағынан көптеген қиындықтарға жолығады. Оның бәрін білген жігіт өзін кінәлі сезініп, қатты қиналады, бұл туралы қызға ештене айтпайды. Бір жайттың болғанын сезген қыз жігіттен не болғанын білуге тырысады. Сол кезде жігіт: “Ештене болған жоқ, есінде бір нәрсені сақта, Мен Сені Сүйем, әрқашан да сүйіп өтем!” – деп қызға жауап қайтарады. Сол сәттен бастап ертегі бітеді. Сол сөзінен кейін жігіт қызға басқа хабарласпайды. Қыздың күндері күтумен, жастығын жасқа толтырумен өтеді. Біраз уақыт өткеннен кейін, болған жағдайдың бәрін қыз біледі. Жігіттің неліктен олай жасағанын жақсы түсінеді. Тек, жігіттің қалайша махаббатын солай оңай қиғанын түсіне алмады. Бір тығырыққа кіргендей болады. Махаббаты үшін күресу керек пе, әлде махаббатын жіберу керек пе деген екі ойдың арасында өзін қинайды. Сөйтіп, екінші нұсқаны таңдайды. Егер екеуінің махаббатына кедергі басқа жайт болғанда, мүмкін қыз күресер еді, бірақ кедергі боп тұрған ұлы күш – Достық. Ал оған қарсы қыз бәрібір тұра алмайтынын түсінді. Сол ұмытылмас сәттерді, пәк сезімді, сүйіктісіне деген жылы лебізін қыз жүрегіне мәңгілікке сақтап қойды. Ал сүйіктісін, алғашқы махаббатын, қимай тұрса да, бақыт тілеп жіберді.........