Махаббат парадоксы
блог
2014 жыл. Қаңтар айы. Сары-ағаш – Астана поезында кішкентай баласы бар ер мен жас келіншекпен бір купеде оқуға бара жаттым. Сонда, Астанаға келіп қалғанда жас әйел бірде күйеуіне қарап, бірде баласына қарап маған игі ниетпен жымиып тыныш: "Тұрмысқа шығуға асықпа!.." - деді. Біраз уақыт өткен соң тура осы сөздерді жақында тұрмыс құрған екі курстас қыздардан естідім. Сонда махаббатпен және екі ғашықтың карым қатынастарыны тұрмыс құрылғаннан кейін қалай өзгереді екен деп ойландым. Осы сұраққа бір қыз былай деді: "Тура бұрындағыдай кездескендей жүре бересіңдер, тек енді сен күйеуіңнің үйде шашылып жатқан шұлықтарын жинап жүретін боласын."
Жалпы қарасақ, қазір жастардың көбісі тұрмыс құруға асықпайды, ал ажырасу жағдайы жыл сайын көбейе береді. Мүмкін қазіргі жастардың көзқарастары мен құндылықтары бұрыңғыға қарағанда қатты өзгерген шығар, әлде махаббат оларға жат болып кеткен бе... Ал сіздің пікіріңізше адамдардың «махаббат» деген сезімін көрсету қабылеті ғасырлар өткен соң және жаңа ұрпақтар келген соң өзгере алады ма?
Мұхтар Әуезовтің Абай жолына қарасақ, Абай өмір сүрген кезде қыз махаббат болса да, болмаса да тұрмысқа шығатын еді. Алайда осылай пайда болған неке көбінесе зор және ұзақ болатын, себебі махаббат пен жарамдылық бәрібір күйеуі мен әйелдің бір-бірін сыйлағанынан отбасыларына келетін еді. Қазіргі заманда да тура осылай пайда болған махаббатқа сирек тап бола аламыз. Мысалы, қызды алып қашу жағдайында. Сонымен, махаббат болмаған жерде жаңа отбасы құрылады, ал шынайы сезім тек біраз уақыт өткен соң келеді.
Қазіргі кездің жастарына қарасақ, олардың өздерімен бірге өмір жолын өтетін адамды таңдауға өте көп еркіндігі бар. Алайда, кейбір адамдардың шынайы сезімінің ғайып болуынан немесе түсінісу мәселесінен бірлескен өмірлері ұзақ болмас. Өкінішке орай, бұл жерде керісінше махаббат тұрмыс құрылғаннан кейін жоғалып кетеді. Сонда бұл жерде түсінісу мәселесін шешу керек пе, әлде бұл махаббат парадоксы ма? Егер бірінші мәселені шешетін болсақ, Гарри Чепменнің бес махаббат тілдеріне қарасақ болады. Олар: мақұлдау сөздері, назар аудару, сыйлық тарту, көмектесу және жанасу. Чепменнің айтуы бойнша әр адамның өзінің сөйлейтін махаббат тілі болады және оның сүйікті адамы оны түсіну үшін сол тілде де сөйлеуге үйрену керек. Ал махаббат парадоксы туралы не дейсіз?