Махаббат онлайн

    Қазіргі таңдағы махаббат қандай?-деген сұрақ туындайды. Осы сұрақтың жауабын қанша іздесекте, жауабы әр алуан болуда. Ал, енді талқылайық.

     «Махаббат» деген сөз сіздің жүрегіңізді тербетуде ме? Ал менің жүрегім үнсіздікке толы болып тұр. XXI ғасырдың жастары махаббатын техникамен білдіруде.Қалай десеңіз? Қазіргі кезде, қартайған қариядан бастап, еңкейген баладан бастап ұялы телефонның құлы болып кетті. Бұрысы мен дұрысын айта кетейін. Осы кезде жастар интернет желісінде көп отырады. Мысалы , в контакте, другвокруг, Whatssap , Viber , Imo , M-agent, Odnaklassnik , Cacao Talk, және тағы басқа. Осы желілер арқылы бір-бірлеріне сезімдерін білдіріп отырады. Жастар бір-бірін көрмей тұрып, қалайша сезімдерін білдіреді десенші. Сіздің ойынша күлкілі болғанымен, қазір хитқа айналған.  Екі жас кездесіп , жігіт бойжеткенді ұнатқан соң, үйленеді. Тіпті ,кейбіреу 3 күннен кейін алып қашады. Қарап отырсаң , бұл дұрыс емес. Біріншіден, адам бір-бірінің танып алады.  Екіншіден, бұл өмірде оңайлықпен ештене болмайды,- демекші, оңайлықпен жеткен қыз қызықсыз болады. Ойланып қараныздаршы әр қызды бір «сүйіем, күйем», ар жігітке бір «сенен басқа ешкімім жоқ» деп арбаудан не шықпақ. Елімізде, қазіргі кезде ажырасу көптеп кездеседі. Әсіресе, жастар арасында.  Мен жастарға деген аянышым мүлдем жоқ , мен олардың ата-аналарың аяймын. Мысалы, екі жастың бақыты үшін, ата-ана не істемейді. Той жасайды, кейбірі тойды кредитке жасайды. Ал, ата-әжелері ізгі тілектерін айтады.  Екі жас 1 жыл болмай, ажырасып жатады. Бұл дұрыс па, әлде бұрыс па?

    Мен ата-аналарымыз тұрған заманға қатты қызығамын , неге десеңіз? Сол дәуірде жігіт бойжеткенде жақындамақ түгел , алыстан қарауға қорқатын. Енді, қол ұстасып жүру , оларға зор ғанибет еді. Біздің заманымызда ондай қағидалар жоқ қой. Қазіргі уақытта, қол ұстасу жай ғана бір оңай іс болды ғой, аялдамаларда жастардың сүйісіп тұрғанын көру, әдеттегідей іс секілді. Қарап отырсаң, біздің заманымыздағы жастардың ұяты қайда кеткен ? Беттерін қанша тілсенде , ұят деген нәрсе шықпайды десем қателеспегенім.  Себебі, олай айтуға түрткі болған жастар, олар көшеде үлкен кісілер жүр ғой деген ой бастарына кіріп шықпайды. Өсіп келе жатқан ұрпаққа ,қандай өнеге үйретуде? Ұятта болса айта кетейін, қазіргі бойжеткендердің көбісі жүкті болып , күйеуге шығады.  Қазақ қыздарының намысы қайда кеткен? Ал енді , ата-аналарымызға және ата-әжелерімізге мың мәрте бас иемін.

    Меніңше , махаббат тек қана екі жастың арасында болмайды. Махаббат отанға, ата-анаға, ананың балаға деген махаббаты,Аллаха деген, сүйікті мамандығына, ісіне, өнерге  деген махаббат түрлері баршылық!

   Енді, қорыта айта кететін нәрсе,қайсысымыз болсада сүйіспеншілік сезімін жүрекпен сезініп, сол сезімнің тәтті ертегісінде қанат қағып ұша берейік. Адамзаттың өткен дәуіріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты.  Қаншама ақындар, жазушылар және философтар  махаббатты  жырлаған.  Біздің ұлы ақынымыз Абайда Айгерімге деген махаббатын өлең жолдарымен білдірген. Сөздің қысқасы, « МАХАББАТ» деген сөз, жай ғана қоқыс сияқты болмасын деген үлкен үміт бар. Бұл  ұлы сезім мәңгілік болғай!!!



Бөлісу: