Махаббат ол коктейль
блог
«Махаббат деген не?» деген өте - мөте қызық емес, бірақ бүкіл адамзатты қызықтыратын сұрақ қойдым. Сөйтсем, жас жүрегім не деді дейсіздер ме?
Ол маған: «Махаббат деген КОКТЕЙЛЬ!» деді. Мен болсам аң - таңмын. Біраз үндемей тұрып қалдым. Сосын ол: «Иә, иә, дәл солай, коктейль!!! Неге үндемейсің?» деп сөзін жалғастырды.
Мен сасқанымнан: «МММ, мұндай жауап күтпеген едім... Неге олай дейсің, мазағың ба?» дедім мен бұртиып.
Сонда жүрегім екі аяғын айқастырып, қолдарымен әрі - бері сермеп, дауыстап тұрып, сөздің мәнін түсіндіріп берді:
«Аппақ гүл - ау, әңгіме былай... Мен саған коктейльді дайындаудың тәсілін айтып берейін, ал қалғанын өзің түсініп аларсың!
Бірінші, «сенім» деген жабысса кетпейтін бір жігіт бар, соны аласың да, «достық» деген сүйкімді қызбен араластырасың... Сонда екеуі қайнап қызғылт сары түске боялады. Оған кішкене қышқыл дәм мен қызыл түсті бояу қосу үшін, пайда болған сұйықтыққа «қызғаныш» деген кәрі және мұздай апай бар, соны қосасың. Ол мылжыңдап, шулап, айғайлап, әйтеуір коктейльді дәмді қылады... Бірақ, есіңде сақта! Коктейльді екі жас бірге араластыруы керек. Оның дәмділігі мен түсінің қызылдығы қос ғашықтың ниеті мен имандылығына тікелей байланысты болады. Ал, егер коктейльді бір қана адам араластырса, ол жауапсыз махаббат болады.
Айтпақшы, бұл коктейль әбден араласып болған соң, сүтті коктейль шығады. Ол сендердің ұрпақтарың...
Тағы да бір ескерту! Егер сенім, достық немесе қызғаныштың біреуі болмаса, коктейль дәмсіз болып қалады, яғни ұзақ...