Махаббат ол...

Махаббат деген-жанып тұрған от қой, от! Лапылдап жанып кетесің немесе жұрттың соңында салпақта-ап, қалып кетесің! Махаббат деген-ол көтеріліс! Бүкіл сезімің - бір мақсатқа жету үшін көтеріліске шығады. Махаббат - митинг. Ми­ың­да миллиондаған ойлар митингіге шығып, ми палау боласың... Махаббат үшін суға секіресің, махаббат үшін біреуге жекіресің... Махаббат үшін тіпті асы­лып қаласың, махаббат үшін барыңды беріп, шашылып та қаласың... Ма­хаббат - бал. Жалай бересің, жалай бересің де, таусылып қала ма деп, жан-жағыңа қарай бересің! Махаббат - кейде у, кейде газданбаған жәй су...



Бөлісу: