Махаббат қызық мол жылдар...................

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?

Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау, құрғырлар.

Абай

 

       Махаббат қызық мол жылдар демекші "Бір көргеннен ғашық болу" дегенге қалай қарайсыңдар. Менің ойымша бір көргеннен ғашық болу мүмкін емес. Осы сөзіме дәлел десекте болады Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романынан кішкене үзінді осы туралы.

       Махаббат өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады. Теңіз сияқты бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады. Адамның жыныстық соқыр сезімінен туған сусыма жүрик тілек толқынға ұқсас, шын санадан шыққан жан тебіренттер жақсы мұрат, асыл арман тізбегі махаббатын тереңдігін танытады. "Бір көргеннен ғашық болу" деген сөз сол толқын іспеттес, ол тән құмарлығынан туған, жалт етпе сезим ғана. Алғашқы лап еткен сәтте оның көрінуіде ықтимал. Бірақ бұған қарап таңдануға болмайды. Тән құмарлығы алдамшы, өткінші, тұрақсыз сезім. Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. "Бір көргеннен ғашық болдым" дегеннің өзі ақ сол сезімнің таяздығын танытады, көре сала соны құшуға құмартқан жүгенсіз, ұшқыр тілекті көрсетеді. Теңізді бірінші рет көрген адам оның суының ащы немесе тұщы екенін, астында не барын білмейді. мұны теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүнгіген адам ғана айта алады. Сол сияқты бір көргеннен адамның бойындағы барлық адамгершілік қасиетін аңғаруға болмайды.



Бөлісу: