Махаббат қызық мол жылдар...
жеке
блог
блог
Қыздарым! Cендерге айтарым: Жандарыңда жүрген жігітті ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалаңдар, арақ ішкізбеңдер. Айқайға жуытпаңдар. Ақыл анадан тарайды. Қыздан қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Жігіт жаныңда жүрсе жолдасың, жауға шапса жолбарысың, ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкеніп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар, адамның асыл сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Олардың нәпсісінен намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Өмірдің ләззаты адал достыққа, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін естен шығармаңдар.
Әзілхан Нұршайықов