Махаббат дегеніміз-адам жанының асыл қасиеті,асқақ мұраты,риясыз,ынтық,нәзік сезім, Махаббат символы-жүрек.Әр адам махаббат деген дүниені әр қалай түсінеді, Бүкіл адамның махаббат туралы ойы,ішкі толқынысы,сезімі бар.
Менің ойымша Махаббат біреуге ерте, біреуге кеш келеді, неліктен десеңіз,кейбірі жастайынан Махаббатқа асығады,бұл өте қате.Жеке адамның ой-пікір санасы қалыптасқан сәттен бастап өзің сол сезімге бас ұрасың,іздейсің.Көптеген Қазақ зиялылары махаббат туралы ой-пікір,өлең жолдарын жазып жүрек тебіренісін, қазаға қалам алып жазып кеткен.Солардың бірі Махаббат қызық мол жылдар атты роман-Әзілхан Нұршайықовтың осы романы екі жастың арасындағы махаббат сезімі ұшқыны туралы айтады.Қазіргі жастар осындай кең ауқымды мән мағыналы роман оқып,соны түсінсе.Махаббаттың қандай екенін білер еді.Кейбір жастар жастайынан махаббатты аңсайды бұл дұрыс емес,қазіргі заман білімділердің заманы кітап оқып дамып,өз өзіңді алға сүйрей білсең,Білім алу білімге құштарлық адамға артық етпейді ақыл ойың жүйрік болса өзіңнің қалаған жаныңды табасың.Қазіргі махаббат деген ұғым өзгеруде,көбісі махаббатты ақша мен ұштастырады,бұл қате түсінік.Біз осы түсінікті туралап өзімізбен жұмыс жасауымыз керек.
Ұлы тұлғаларымыз махаббатқа бас иген.Өсе келе өзіңнің жарты жүрегіңді іздейсің,Сол кезде махаббаттың қызығы мен қиыншылығын көресің.Махаббат туралы қызықтар көп кейін өзіңде осы сезімге тап боласың.
Әр адам өз махаббатына адал болсын.Сүйсе шынайы сүйіп махаббаттың қызығына батасын!