Махаббат құдіретінің жалғасы.
блог
Жібектің көркіндей көрікті, ал ұзын шашы Жібектің перизаттылығындай Раушан ды да перизат қылып жібергендей болып көрінді.Бетіндегі жұқалтаң қызылы айық -пай үлпілдеп, бір келіп,бір қайтады екен.Күлгенде екі езуі әлгі арайды әрі итеріп, ақшыл етіп көрсетеді.Іш тарта мөлтілдеген қос жанарда қуаныш қайнары тұнған -дай!«Осы қыз бен емін-еркін, еркелей сөйлескен адамның арманы аз шығар, сірә...» Өз ойыммен мүлгіп кетсем керек,жанымдағы қалта телефонымның үнінен шошып оянғандай болдым.Бажайлап қарасам Досханнан хат келіпті.«Мақсат, қыздың телефон номерін алуды ұмытпа!»,-деп жазыпты.Достың айтқанын қара жерге қалдыру өзіме сын.Мұндай сұлу қыздың телефон номерін алу мен үшін де үлкен мәртебе. Өз ойымды ертерек жүзеге асырмақ болып:
- Раушан, ақыры жерлес болдық. Хат жазбасақта хабарласып тұрайық....
-...........
- Бөтен ойым жоқ.,тек телефон номеріңді бере аласың ба?
- Жат адамға беретін әдетім жоқ еді.Кешірерсіз.
- Біз жат емес,жерлеспіз.Жат қалада жүргенде бір-бірімізді бауыр санап ағалы –қарындастай араласып жатсақ оның несі сөгеттік?
- Жарайды, байқаймын бір беткей сияқтысыз.
- Тектілердің ұрпағы болғанымнан болар....-деп, Раушанға қарап езу тарттым.Бірақ қыз жүзінде күлкінің табы байқалмады. «Жанарындағы тұнықтықтың құпиясын шешкім келсе де,алдымен өз бойындағы тұйықтықтың кілтін шешу керек екендігін ұғындым.Демек, Раушанның жан-дүниесі, мөлтілдеген жанары,маржан тістері бәрі, бәрі әлде бір сырды бүкккендей өздеріне қарай еріксіз жанымды жетеледі....»
Автобус өз межесіне жетті.Біз алып шаһар Шымкентке келіп жеттік.Көптеген жолаушылармен бірге Раушанда тысқа шықты.Қолдарына памидаор, алма, қияр, жүзім,жұмыртқа сияқты ұсақ-түйек заттарын ұстап, автобус жағалай жүгірген сату -шылар.Есік аузындағы жолаушыларды тұс-тұстан қаумалаған сатармандар бірі -нен бірі озғындап ұсынады. Ана бір қартаң кісі көк керсеңге құйып келнген қымы -зын құлашын соза сапырды.Автоаокзал маңы кішігірім базар тәрізді толассыз сапы -рылыс...
Автобустан түскен мезетте, Досхан мені түртіп өзгелерден оқшаулана бастадық.Ол жерден жеті қоян тапқандай қуанып:
- Қалай, әдемі ме екен?-деп, мен қапсыра құшып, көтеріп-көтеріп қойды. Өңінде «осы қызыдың реңді екенін ең алғаш ашқан менмін ғой» дегендей жадыраңқы кейіп бар.
- Кім біледі...сүйкімді қыз екені рас.
- Айттым ғой, көрікті қыз деп. Оның үстіне, нәзіктігін айтсаңшы...
- Ұнатып қалғансың-ау, Досеке.
- Шынымды айтсам, бүр түрлі болып тұрмын.Әрекетеніп көрсек,артықтығы болмас еді.
-Қалтамыздағы ақшаға құда түсіп байқасақ ше?-деп мен күлдім.
-Жоқ,қалжың емес, қалайда бір әрекет жасамасақ, қапыда қаламыз.
-Әй, Досеке-ай,айдалада жүргенде шоқ басып қалмасақ жарар еді.
-Несе бар, «қымызды кім ішпейді, қызға кім қырындамайды» демекші...
-Мен, жалпы, бұл қыздан именемін.
-Осы сөзді сен айтудамысың Досеке?
-Енде ше?
-Қой-ей, Досеке...
-Мен саған қалай айтарымды білмей тұрмын.Әйтеуір,бұл қыз жайында жеңіл-желпі ойлай салуға болмайтыны анық.
-Түк те емес,әп-әдемі-ақ, ақылды қыз...
-Мүмкін сондықтан да шығар....
Досхан қарауытып үндемей қалды. Ішінен әлденені ойлап, аз-кем іркілді:
-Мақұл ендеше, бұл қыз туралы ойламай-ақ қоялық.
-Шама келсе, сөйткен жақсы.
-Көрмегенде де күн көріп ек қой...
Көңіл кемесі бір нәрсеге тірелген дей болды.Раушан жайындағы әңгімені одан әрі өрбіткеніміз жоқ.Біріміздің жанарымыз бірімізге шарпылып, төмен қарадық.Әлгін -дей әңгімеден кейін Досхан мына қыз жайында тым ашылып сөйлескенін ерсілеу көрді білем:
-Әншейін айтқаным ғой,әйтпесе, өрекпіп тұрған мен де жоқ,-деді.Жүрек түкпірін де бір сілкініс болғанын бет-әлпеті ап-айқын көрсетті.Мен оны мұндай күйге қия алмадым:
-Досеке,бірден болмаса да,үйренісе келе ой білдіруге болады ғой,-шамалы аялайық, -дедім. Ол назарын сыртқа салған қалпы:
-Айттым ғой әншейін айтылған шаруа деп, оның несіне әурелендің?- деді.
-Жоқ, сен олай деме, алдымен ақылдасып алайық.
-Қашқан түлкіге қарап тымақ пішкендей етпей, осы әңгімені тасталықшы, Мақсат...
-Раушанның көзін қайтесің?
Досхан күлді:
-Оны саған сыйладым.Саған тарту еттім.
-Сол көз үшін нендей қиындыққа болса да әзір емес пе ең?
-Сенің де айтпайтының жоқ екен,-деп Досхан мені тағы да қапсыра құшақтады.
- Ойынан өрт шығаруға құмарсың-ау, әйтеуір.
-Болды,болды. Мен сені бұдан былай сөйлеттірмеймін.
Ол мені қатты қысып, шыркөбелек айналдырды.
-Алғашында аңламай қалыппын.
-Тоқтай тұр,нені, нені?...
-Айттым ғой енді сені қайта сөйлеттірмеймін деп...Ол қыз саған лайық, саған...
Жартқаннан тілері оңынан келіп, Мақсат оқуға түсті. Бірақ ауыл-елден тым жыраққа түсті. Тараз қаласына Филология факультетіне түсті. Өзіне-өзі разы кейіпте.Бұл қуаныш,екі есеге артты.Жанына жақын, жан дүниесін түсіне білетін бейтаныс қыз Раушан ОҚММУ-ға оқуға түсті.Арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.Енді ол ақ пейілді қыз ғана емес,ақ жүректі болашақ дәрігер.Өмірді ардақтап,өлімге қарсы тұрады. Енді ол қарапайым пенде емес.Ол-қорғаушы.Адам жанын ажалдан арашалаушы.Жер бетіндегі ақ халатты періштенің бірі.Қыз бен жігіт болып араласпасада, достық қарым-қатынасын үзбеген еді.Қандайда бір мейрамдар да хабарласып, үздіксіз байланыста. Ойлап қараса Раушанға бауыр басып қалғандай.
* * *
Сен кешір,- деді Раушан,мен тіпті жақсы көрген жігіттерімнің де қолымнан ұстап жармаса кеткенін ұнатпаймын,былайша-ақ қатар жүрейікте...міндетті түр -де қолтықтасып,құшақтасып жүру қажет пе?
Білегін ептілікпен ұстай берген жігіттің қолын сыпайы ғана ысырып, маң -дайымен білегіне бұйралана төгілген қап-қара шашын кейін қарай сілкіп таста -ды да үнсіз тұрып қалған Мақсатқа көз қиығын жүгіртпестен шапшаң адымда -ды.Қарсы соққан самалдың лебі жанына жәйлі тиіп,басын әнтек шалқайта жүзі -мен әуені қармап емірене жұтынды.Көктемнің таза желінен өне бойы жеңілде -ніп,танауын жарған жұпар иіс денесіне күш-қуат дарытып,өзін еркін де,ерке сезінді.Тәнін болар болмас қытықтап өткен әлгі лепті іздегендей әлсін-әлсін желге тосып,бір орынын әлде неше айналып шықты.
Көшеге шығар-шықпаста қолтығынан демеп үлгенген Мақсаттың ізгіліктен туған жаңағы қимылын оқыстан шорт кескенде, көңілінде бөтен ой ұяламағаны -мен,белінен орап әкететіндей көрінген жәйсіз әсерден ыңғайсыздана қалғаны рас.Мақсат қандай сымбатты болғанымен, мейлі ең сұлу,ең өжет, жігіттің сұлтаны ма, дәл осы сәтте қыз үшін мұның еш маңызы жоқ.Қасында жүрсін ақ, тек ажырап қалатындай, тырп еткізбейтіндей етіп жабысып қалмаса екен.Өйтсе Раушанның мазасы кетіп,тынысы тарылар еді, өзін қанатынан қайырылып,ұша алмай бұлқынған құстай сезініп, тыпырлар еді.
Дегенмен,осы келе жатқанда, Мақсатты өзі қолқалап,қоярда қоймай алып шық -қан.«Сонда қалай: жанымда сүйкімді жігіттің жүргенін қалаймын,бірақ сол сүйкімді жігіттің қандайда тілегінен тәуелсіз болсам деймін.Біреуді қасыңа ертіп шыққаннан кейін оның қас-қабағына қарамай,санаспай жүре алмайды екенсің-ау...»
Өзінен әжептеуір артта шегіншектеп,сылбыр аяңдаған Мақсатқа бұрылған -да жігіт жүзіндегі әлде бір салқындықты сезді.Шыдай алмай күліп жіберді де,жүгіріп келіп Мақсатттың қолтығынан алды.-Ренжіп қалдыңба соған...өзім-ақ ұстап жүрейінші...жігіттерден гөрі қыздардың жармасқаны дұрыс, біреудің қолтығынан...
- Мен сонда бары-жоғы біреумін бе?
- Біздің әр қайсымыз әйтеуір біреуміз ғой,мен де,сен де,бұған несіне шамдана -сың?
- Біреу деген сондай ызғарлы естіледі екен және біз екеуміз біреу емеспіз ғой...
Раушан ойланып қалды.«Шынында бір-біріне жат болмағанымен,соншалықты жақынба екен?».«Сенің жан дүниеңді дәл мен сияқты ешкім түсінген емес, ешқа -шан түсіне де алмайды»-деп кеудесін пергілейтін Мақсаттың басқалармен салыстырғанда, жылы ұшырайтынында дау жоқ.Сондықтан болу керек,қандай жағдайда да ең алдымен Мақсатқа жүгіріп,кез-келген жәйтті қысылып-қымтырылмастан ақылдасатыны.Сонда мұның арғы жағында не жатыр?
Тірлігінің толып жатқан күйбеңінен бір өзінің мүмкіндігі жетпей басы қазандай боп шыр айналғанда, екі күннің бірінде алды-артынан шығып, ойларына келгенін оспадарлықпен орағытатын еркектердің есек дәмесінен іштей шошынғанда, қапта -ған тобырдың арасынан ең жанашырым-ау деп келген бірер жанның да қылығынан жүрегі шайылып,ақыр аяғында жападан-жалғыз қалып,жаны жабырқағанда,қасы -нан әрдайым Мақсат ғана табылады.Ойлап отырса, жігіттің өзіне деген ілтипаты мен адалдығының себеп-салдарына осы уақытқа дейін назар да аудармапты.
Бірде мұның сыртынан оңды-солды өсекті лақ еткізіп,иемдене сөйлеген әлде бір жігіт –тердің жағасынан алып,төбелескенін естігенінде де ләм демеген.Мақсат өзі де ол туралы тіс жармаған.Раушан тіпті «кім, не...»-депте сұраған жоқ.Түк болмағандай баз баяғы қалпынан айнымаған,өйткені адамдардың бір-біріне деген мейірімінің деңгейі ештеңемен өлшенбейтініне,мұның бәрі қарым-қатынастың қажетінен туған қарапайым нышанынан -дай боп елестеген.
Өзі туралы өзгенің не дегенінде шаруасы қаншаса,өзінің кім екені өзіне белгілі емес пе, ендеше қай-жағдайдағы еркектің сыртынан емексіткен сылдыр сыпсымасына түкірсін бе Раушан. Қыз үшін төбелесіп-жұдырықтасып жатса,бұған не десін,титтей де жазығы жоқ болса? Рахмет айтып, арқасынан қағатындай Мақсат не істепті?Намысын қорғапты дейтін -дей,бұның намысы тапталып,арынан азғанына кім куә екен?Яғни Раушан көлденең сөз үшін ақталамын деп әуреленбейді,сол көлденең сөзге тосқауыл қоям деген достың алдын -да борыштымын деп те санамайды.
Әйтседе Мақсаттың өзгелерден өзгешелеу екенін мойындау керек-ау,басқаның жанын да осынша еркін сезініп,еркін жүре алар ма еді,жүре алмаспа еді.Бірақ осы бейқамдығы- ның түп негізінде бір күдікте жоқ емес.Мақсатқа сырымен шынын бүкпесіз ақтарғанда, титтей тайсақтау дегенді білмей,балаша еркелегенде,оған кім деп еркеледі?Бұны мүлде ойламапты,мән беріп үлгермепті де.Бірге оқитын жігіттердің қай-қайсыда бұған жанаши-қамқорси қарайтын,кейінен бір-бірінен қызғанатынды шығарды.
Жалыққандақтан,әлде ермектері жоқ па басқа,лекция үстінде жігіттер мұны қайқырынан көріп отырса,соған орай біреуі бет әлпетін,екіншісі шашын,үшіншісі аяғын суретке салып, қалысатын.Қайсібірі әдемі сөздерді тізбектеп,салған суреттерін сәлемдеме хатпен қоса өзі -не жібергенде,жылы ғана жымиып,қағаздарының арасына қыстыра қоятын.Бозбалалар- дың ілтипаты әрі мазасыздандырып,әрі қуантқанымен,мұны ұядықпен қабылдайтын Раушан кейін өзін қызғыштай қорып, әрқайсысы-ақ иелене-иемдене сөйлеп шыға келген де,ешқайсысына жанарын тоқтатпастан, ешқайсысының сөзіне құлақта аспастан қақши -ып жалғыз жүретін.Кімнің қандай пиғылмен не айтып жатқанына мән бермеймін дегені -мен, көздерімен ішіп-жейтіндердің алдында кей-кейде қысылып та қалатыны бар.
Түрлі-түрлі ниетте қалатын жанарлардан көңілін қанша алысқа ауларқатқысы келгенімен, әрдайым анталаған ашқарақ көздерден кейбір сәттерде жүрегі қатты соққы алып, өне бойын тіміскілей қарағандардың іштей жиіркенгеніменен, оларға қарсы тосқауыл қоятындай күш-құдіреті жоқтығын сезетін.
Соған мән бермеймін дегенімен, көңіл әлденеге алаңдайды да тұрады. Іштей жиіркенгендірген жымысқы жанардың бықсыған шаласына шырпылмаймын деп, ортадан мүлдем алыстап, оқшау қалғанын сезіп, көңілі құлазып жүргенде, бұған дейін назарын тоқтатып көрмеген Мақсатты аңқылдаған ашық-жарқын мінезі үшін бе, әйтеуір басқа ларға қарағанда, соған жиі үйірілетінді шығарды.Мақсаттың қасында өзін сондай еркін сезініп, ойындағысын әрдайым бүкпесіз ақтара салады. Кейде екеуі де жігіт, кейде екеуіде қыз сияқты ашық сырласқанда, өзгелердің бұған әрі күдікпен, әрі таңырқай қарайтынын дарын да байқамайтын.
Енді бағдарлап- байыптаса, бұның бәрі-бәрі басқаша екен-ау...- Раушан манадан бері үнсіз келее жатқан жігіттің жүзіне әлде не іздегеендей, ойлана ұзақ қарады. Жабырқағандығын жасырғысы келгендей мұң кіреукеленген жанарын қыздан бұрып әкете берді. Мақсат тарапынан бұрын соңды мұндай аңғармағандығынанба, қыз да сұлық қалды.
Бір-бірінен жанарларын тайдырып әкететіндей, себептері де жоқ сияқты еді. Раушан ежелгі әдетінше ойына орала салған әлде бір сөзді айтып, қалжыңға бағыштағысы келгенімен, өйткені жоқ. Талай уақыттан бері Мақсатпен қыдырып жүріп, дәл осындай күйді басынан кешпеген. Неге екенін ұқпады, жігіттің алдында кінәлі жандай сезініп, ойы сан тарауға бөлінді.
Күні кеше ғана емеспе еді, екеуінің естеріне түсе кететін әңгімелерін бір-біріне бүкпесіз баяндап,ойланын дағысын со қалпында жайып салатындары. Енді байқаса, Раушан осынау жігітпен арасындағы қарым-қатынастың мәніне тіпті де зер салмаған....
«Шынында да кім деп арқа сүйеді,кім деп сеніп, не деп еркеледі?Еркек қауымының шын кіріссе,есінен тандырып жіберерлік қарымына түспеймін деп шарқ ұрғанда,қандай да бір есек дәменің шылауына байланып қалмайын деп үрейленгенде,маңғаздана шіренген қайсы -біреулердің тасыған көңілінің тас-талқанын шығарып,алшаң-алшаң адымдай жүргенде, осы Мақсатқа жолыққан».Қызығы -өзгелер төңрегінде күдік ұялатар ойлардың Мақсатқа мүлдем қатыссыздығы еді.Қай кезде,қандай жағдайда да алдымен қол ұшын созып,көмек -ке келетін Мақсатқа алаңсыз сенгенде, көкейіне қалайша бөтен пиғыл ұяламаған?Жалпы адамға шексіз сеніп,себеп салдарсыз сүйену түптамырында қандайда бір есеп қисап жатса, осы жігітке деген адал ниетінде о баста ақ,ешқандай есебі жоқ-ты. Әлде,расымен қандай да бір қарым –қатынастың астарында бір есептің болатындығы рас па?Жай былайша сену -ге, жәй былайша сендіруге болмай ма?Сену деген,сендіру деген көлгөсір селдеген сезім болса-ше?...
Сұраулы кейіппен қайтадан жігітке қарады.Манағы жабырқаған қалпынан өзгермей басын төмен тұқырқан Мақсат өз ойымен өзі әлек сияқты, бұған тіпті көз қиығын тігер емес.
–Неге күрсіндің?- деді Раушанға тіке бұрылып.
Мақсаттың тура қарағанын пайдаланып, манадан ұстатпай қойған жігіт жанарын қалт жібермеймін деп, орнында аңтарыла тұрып қалды: қалайша бұрын байқамағанмын... мөлдіреген мұң ба, өтініш пе, өкініш пе мынасы... әлде ақымақпын, әлде есімнен жаңылысқаным, әйтпесе...
Жігіт жанарындағы мүлдем өзгеше, мүлде ерекше суреттен көңілі әлемтапырақтанып, не айтарын білмей демін ішіне түйіп, аяқастынан әде қандай жаңалық бола қоятындай , алыстан әлде бір тың тыңдағандай әрең тұр.– «Жо-жоқ, мен ұшырасып жүрген жанарларға мүлде ұқсамайды, соншалықты тап-таза... мұндай жәудіреген тазалықты ешқашан ешбір еркектің көзінен көрмеген,кездестірмеген,тіпті мұндай жәудіреген жанарлы жігіт атаулы -дан ұшырастырамын деген ой қапеліне кірмеген...»
Сөйтсе Раушан әлі бәрінен бейхабар екен, бұған дейін осынша-аялап мәпелеген момақан жанардың не екендігінен мақұрым қалған екен.Бірақ әлгі құрбылары жиі айтатындай жүрегі құрқыр неге дірілдемейді,басы неге айналмайды?Мына момақан жанар айналып-толғанған сайын,үнсіз еміренген сайын, тұла бойы қатқылданып бара жатқандығы несі? Әлгі тұла бойын билеп әкете жаздаған жанардың сиқыры бірте-бірте тарай бастады....
Әлдене айтқысы кеп, әлденеше рет оқталғаныменен Раушанның батылы жетпеді.Бір сөз айтса, бәрін бүлдіретін сияқтанып көрінді.Бір сөз айтса мына тыныштықтың тас-талқаны шығатын сияқтанды. Екі жанар үнсіз ғана тілдесті....
– Раушан, сені шексіз құрметтеймін...
- .........
- Қашанда менің қасымнан табылғаның қалаймын.Сен үшін...
- Сенің не айтпақ болып отырғаныңды білем.Бір-ақ....
- Жо-жоқ, сен мен үшін бәрінен артықсың.Саған деген сезімімді таразылап барып айтып отырмын.Сезімім шынайы.Тек,жоқ дейгөр ме?
- Мен махаббатқа сенем, бірақ сендегі сезім алдамшы болса,сол бір алдамшы сезім үшін достығымызды жоғалтқым келмейді.
-Адамның достығы ғасырлық, Жүректің достығы мәңгілік.
-Бірақ, ертең осы бір сезіміміз үшін өкінбесімізге кім кепіл? Менің жылағым келмейді.
-Жылатпаймын.Сені.... алақаныма салып аялап өтем.Сені... бақытты ету үшін барымды салам...
- ..........................................
- Бір замандарда бір патша болыпты.Бірде оған ең жақын досы келіп «Әлемде сеннен бақытты жан жоқ шығар.Қаншама байлығың бар, мыңғырған малың бар, мың сан қызметшің бар,оғландай батыр ұлдарың бар, ең бастысы айдай сұлу, күндей көркем, жібектей нәзік, талшыбықтай бұралған жарың бар»,-депті. Сонда патша: «Жоқ, әлемде меннен асқан бақытсыз, бейшара жан жоқ. Рас,менің мыңғырған малым бар,бірақ олар бір жұт келсе қырылып қала бермек.Қызмет етіп құлдық ұрған мың сан қызметшім бар,бірақ олар күні ертең басымнан бағым ұшқанда, астымдағы тағым тайғанда жағама жармасып,досым дұшпаныма, сырласым сырттаныма, сенерім адасқаныма айналады. Иә, менің оғландай батыр ұлдарым бар.Дүниенің дүрмегінен өтіп,бақилық бола қалсам олар менің ғибратты өнегелі ісімді жалғастыру үшін емес,астымдағы тағым мен басым -дағы тәжім үшін бір жатырдан шықсада бірін-бірі жат санар.Топырағым кеппестен мені мәңгілікке ұмытар.Сен бір сөзіңді айна-қатесіз дұрыс айттың.Рас,менің айдай сұлу жарым бар.Оның сұлулығынан жердегі пенде түгілі көктегі күннің өзі қымсына -ды.Рас,мен оны аймалаймын,құшам,сүйем.Бірақ, жанын емес,тәнін аймалап,тәнін құшамын...Патша болып ел билеп,елге үстемдік етсемде,өз жарымның жанына билік ете алмадым.Оның жүрегінде қала алмадым,тәніне еткен билігімді өзіме қанағат тұттым.Өз жарының,жүрегінен орын ала алмаған адам,нағыз бақытсыз адам.Ал ең бақытты адам есігімдегі қара құлым. Онда мен де жоқ байлықтың бәрі бар.Сүйікті жары, әке сөзін ұлықтаған ұлдары ең бастысы өзін шексіз құрметтейтін отбасы бар», -депті. Патша сөзін бүкпесіз тыңдаған досы:«Бақыттың бастауы байлықта емес, махаббатта екен-ау»,-деп ойланыпты.Ал, менің саған деген сезімімнің кіршіксіздігі сон -шалық, мен сені патша армандаған бақытқа жеткізгім келеді.Екеуміз бірге жетсек деймін.
- Мен....
- Күт десең қанша күтуге бармын...
-Өмір бойы...
-Иә, өмір бойы... Ғұмырымның ақырғы сәтіне дейін.
* * *
....Егер мен осы уақытқа дейін жаным мен тәнімнің тазалығын сақтап келсем, бұл үшін Мақсатқа борыштармын деп ойламаушы ма едім. Мен соның жанында жүрген де ғана өзімді дүниедегі ең сұлу қыздай сезінбеуші ме едім.Топ ішінен, көп ішінен көңілдің қалап алып, жүрегім табынған жалғыз тәңірім сол емес пе еді. Сонда мен кімге табынып, кімді пір тұтқанмын?Кім-кімді алдап, кім-кімді арбаған? Ол мені, мен өзімді алдаған екенмін ғой. Мен оны қиялымнан туғызып, махаббатымды арма -нымнан ойлап шығарыппын. Өкінішті,қандай өкінішті десеңші...Қосыла алмаса да бір-бірі мәңгібақи үнсіз сүйіп,қос жүректің бір-біріне шексіз сенгеніне не жетсін!
Қайран дүние-ай, тап қазір Мақсаттан мәңгілікке ажырасып, о дүниеге көз жұмса, бірақ Мақсат сезіміне сеніп кетсе,тәңіріндей табынған жігіт жүрегінің жылуын өзі -мен бірге ала кетсе,Раушан тағдырына риза болып өтерме еді...Раушан екеуінің арасындағы адалдыққа тілсіз сенген, қайда сол сенім күші?Жо-жоқ,ол Мақсатынан айырылдым деп дірілдеп қалшылдамайды. Ол арманына алданғандығына қиналды. Мақсатты опасыздыққа қимайды,сол қимастық қыздың жан дүниесін өксіте егілтіп қинайды.-Мен оны бар болмысыммен сүйгендей едім ғой,тіршілігімнің мәні де, сәні де сол емеспе еді, ендеше қай бетіммен жер басып жүрмін,күйкі тіршілігімен кімді жарылқаймын? Өзгені алдауға өрем жетпес еді... Жаным жаралы болған мен өзгелердің алдында да қалпымнан таймаспын, бірақ тірлікте қандай да бір пенденің уақыт тынысынан артта қалып,табиғат заңынан аттап өтемін деуі күлкілі-ау!Тек ғана күлкі емес, мұның өзі ақымақтық. Жо-жоқ, мен айналаға ақымақтығымды паш еткім келмейді.Кімді де болса жандырып, екіншісі сол жалын қызыуына жылынып өтсе болғаны емес пе...
Раушан орындықтан баяу көтеріліп, тепе-теңдік сақтай алмағандай теңселе басып жаатақханаға беттеді. Самал келіп кеткелі оның өмірінде көп өзгеріс енді. Сонан бері ауыр азап әбден шырмап алған. Сан түрлі ой теңізінде жүзеді, шетіне жете алмай жанталасады. Мақсат бірнеше рет келіп кеткен. «Жаздым жаңылдым....сен маған өмір бойы кешіріммен қараймын деуші едім, үйленейік мен не көрсем, бірге көр, қателігімнің тауқыметін бірге тартайық, бақытымызды сақтап қалайық»дейді. Кімнен сақтап қалмақ бақытын? Өмірге келгелі тұрған өзінің бейкүнә перзентінен ба, әлде аңдаусыз алданған қара көзден бе?Жарар,болған іске тек Мақсат емес, Самал да айыпты емес пе?Өз абыройын сақтап,қыздық қасиетін,нәзіктігін бойына сақтаған да бұның бәрі болмас еді-ау.Өзі ерік берген соң қай жігіт болмасын, бас тартпас.Жігіттік дәуренде ондай да болып тұрар...Тек Мақсаты емес,ол мұның сүйгені...Ол жасаған сатқындық, кешірілмес қателікке көз жұмып қараса, оны жан-тәнімен қорғаса...Кімнен...кімнен?Осы сауалдарды өзіне-өзі сан мәрте қойсада жауабын таба алмады.Жатқа қимас,жүрегінің сыңары Мақсатты өзге ойға қимайын деседе осы сөздерден кейін онан амалсыз бас тартты.Сүйе тұра бас тартты.Өз бақы -тын өзге жанға тарту етті.Өз басына бақыт емес,сор сұрады.Өзі үшін емес,сол Мақсат үшін.Мақсаттың бақыты болуын қалап аллахтан тілек тіледі.Жо-жоқ, Раушан дәрменсіз адамдардың алдында күштілігін, күштілердің арасында әлсіздігін көрсеткісі келмейді!Мақсат өзінің Самалды тіпті де сүймейтіндігін айтып ант-су ішіп еді.Сол сәтте Раушан бәрін де ұмытып,бәрін де кешіріп,Мақсатқа қайтып оралғысы келді.Бірақ сезім мен ақыл таразысы теңескенде жүрегі ақылының құлы болып шыға келеді.Өліп кетсе де өзінің оған бармайтындығын ескертті, кесіп айтса да қинала айтты, айтып алып өкінді де.Енді міне, бәрі де бітті, өтті, кетті, тек қана тәтті елес қалды.Бүгін олардың үйлену тойы. Мұның қалай тез болғанын Мақсат ғана біледі...
Раушан бәріне де үнсіз шыдап, іштей арпалысқаннан басқа амалы жоқ.- Мақсат бүгін үйленеді, сен соны санаңа батылдықпен сиғыз,-дейді өзіне-өзі,-Сенің қабағың -ды аңдып жүргендер көп, жасықтығыңды білдірме.....
* * *
Жол бойында бір әйел баласы адымдай басып келеді.Өзі басқан адымын кейін шегіншектеп әрең жүріп келеді.Жүзінде қуаныштан гөрі мұң бар.Жанарында әлде кімді сағынған сағыныш ұшқыныда жоқ емес.Бұл Раушан болатын.Бір кезеңдерде армандаған арманына өз маңлай тер,табан ақысы мен жетті.Ол бүгін диплом алды. Шынында дәрігер атанды.Ажалға араша түсетін,қорғаушы періштеге айналды. Періште, періште...Жанында Мақсаттың өзі болмасада, оның айтқан сөзі жадында қалыпты.Екеуінің айырылысып кеткендеріне төрт жыл, алты ай, жиырма екі күн. Қызық....жадынан өшіріп тастап еді-ау,қарашы құрғыр жүректің сарнап қоя берген -дігін.Санасына Мақсаттың соңғы жазған хаты оралды...Қалай деп еді...
Мен саған құлай ғашық болсамда,сүйе алмадым.Сүйе тұра сүйетінімді дәлелдей алмадым. Жылап тұрып күлдім. Өмірде құпия болып көрінсемде сенің алдың да жүрегімді айқара аштым.Мен саған лайық емеспін.Сен періштесің,ал мен жоқ.Кейін кездесерміз.. Өмір жолы тым ұзақ.Бір-ақ, бірін-бір сүйген жүрек –теріміз кездесе аларма? Өміріме енгенің үшін, мендей ақымақты сүйгенің үшін, ең бастысы өмірде болғаның үшін саған мың алғыс!Мен ақымақпын. Мен үшін жылама...
Сен адал жар,абзал ана,аяулы келін бола аласың!Бұйырмаған бақытым бақытты бол! Сүйе тұрып, сүйе алмағандығым үшін кешір!
Кеш... Кеш... Кеш... Кеш мені Раушан!
Не өңі екені, не түсі екені белгісіз.Біреу атын айтып, айқайлап шақыратын сияқты. Өңі дейін десе, өзінің беймәлім екен.Кеңістікте, өзі де жоқ.Бәрі бұлдыр, бәрі тұман. Түк түсініксіз.Түсі дейін десе, айқайлаған дауысты, сытырлаған дабысты ап-анық естіп жатыр.
- Раушан!
Міне, тағы да ап-анық естілді- Мақсаттың даусы.Бұл қайдан жүр?Өңі ме, түсі ме?
- Рау-ша-а-а-н!
- Мақсат, сен бе?-деді Раушан дауыстап.Тым-тырыс.Жүрегі дүрсілдеп кетті. «Мақсат!Мақсат!Мақсат!»-деп тағы да үш қайтара дауыстады.Үн жоқ.Түсім дейін десе Мақсаттың дауысын ап-анық естіген сияқты еді ғой.Бұл не жұмбақ?Қараптан- қарап жүрегі бір түрлі суылдап, дегбірі қаша бастады.Өз еркі өзіне бағынудан қал -ған.Әлдебір түсініксіз сезімдер иірімдей иіріп,жаңқа құрлы көрмей қақпақылға салып,делектетіп, сүйрелей әкете бастады.Кенет қарама-қарсы беттен бір адамның сұлбасы көрінді.Раушанға қарап адымдаған сайын,адамның сұлбасы анық көріне бастаған сайын мазасы қаша бастады... «Мақсат...Мақсат...»
- Раушан-деді даусы жарықшақтана шыға Мақсат.
- ...........................
- Диплом құтты болсын!,-деп,қолындағы гүл толы себетін қолапайсыздана ұсынды.
Қолының дірілдегені соншалық,гүл толы себеп самал жел тербегендей еріксіз тербе -ле бастады.Олар бір-бірінің жүзіне ұзақ қарады.Олардың бір-біріне айтары көп болсада жақ ашуға батылдары бармай үнсіз тұрды.Тек олардың жанарлары, түйісіп үнсіз тілдесе бастады...
- Қайдан келдің? Неге бұрын келмедің? Неге іздемедің?
- .........
- Айтарың жоқ па?
- Бар,тым көп....
-Самал... Перзентерің қалай?
- Самал екеуміздің отбасылық өміріміз бір жылдан арыға аспады. Жүрегімді қинап сүйдіре алмадым.Өзімді-өзім сендіре алмадым. Бірақ, өкінерім жоқ.Мұрагерім болар ұлым бар... Ұлым...
- Демек,бақыттысың ба?
- Бақыт. Менің бақытым сенсің Раушан!
- Мақсат...Раушанның жанарынан бір тамшы жас үзіліп түсті. Жанарынан үзілген жаспен бірге Мақсатқа деген сағынышы мен өкпесі қара жердің қойнауына сіңіп кетті.Бір кездердегідей Раушан Мақсат -тың құшағына еркелей асылды...
- Кешір мені Раушан.Кеш мені періштем!
- Кештім! Мен сені кешіргенмін Мақсат!
-Раушан менің Періштем!
-Мақсат...
Жол бойынан өткен адамдар оларға қайран қалып бара жатты. Бірақ олар Мақсат пен Раушанды екі адам деп ойлады.Рас, олар екі адам бірақ жүректері ортақ. Жандары бір.... Арада қаншама уақыт өтті.Олар қайта қауышты.Олардың өздері ғана емес, бір-бірі үшін жаралған жүректері де уақыт өте табысты.