Махаббат көктемі
жеке
блог
блог
Терезеден қарай берем далаға,
Сырттың сұлу көрінісі
Өн-бойымды дүр сілкінтіп бара ма,
Енді ғана сезгендеймін мен бүгін,
Қас-қағымдай өтсе жыл-ақ арада,
Жүрек шіркін сағынышқа қана ма.
Сағынып-ақ қалыппын ғой көктемді,
Өз-өзімнен ойға қалам
Қайта-қайта есіме алып өткенді,
Бір тамаша сезім екен сағыныш,
Тұла бойға күндіз-түні төккен жыр,
Ақ параққа қонып жатыр көктем-жыр.
Қызғалдақтар гүлдеп жатыр қырларда,
Мен оларды сағыныппын
Сол гүлдерде ашылмаған сыр бар ма,
Қызғалдақты сен де, досым, теріп қайт,
Сонау алыс ауыл жаққа бір бар да,
Сағынышты жеткізе бар, құр барма.
Терезеден күнде сыртқа қараймын,
Көктем неткен әдемі деп,
Әлемдегі кереметке балаймын,
Осы көктем бітпесе екен, бітпесе,
Гүл-көктемнің мен бітпеуін қалаймын,
Көкірегіне нұр сыйлаған талайдың.