Ғылымға деген махаббат жайында, ұлтқа, адамға деген махаббат жайында.
Асқар Жұмаділдаев – қазақ ұлтының маңдайына біткен ең жас академик, тіпті атағы маңызды емес, бұл азаматтың халыққа, ғылымға ден қойғысы келетін жастарға деген махаббаты жайында біле жүрелік.
Қарапайым атакәсіп мал шаруашылығымен айналысып отырған ауылда өмірге келіп, ауылдың түкпірінде жүріп-ақ дәуірінде атышулы Мәскеудің оқу ордасына түскен және екілік баға алып тұрса да оқуға қабылданған қазақтың ұлы еді. Мектеп жасында аудан орталықтарында өтетін олимпиада кезінде келген ұстаздардың ішінде ұлты еврей ұстаз болған. Осы ұстаз Асқар екілік баға алып ауылына кетіп бара жатырған тұсында танып қалып «ғылымға мұнша құмар бала қайда бара жатыр» деген оймен сұрастырса, Асқар ағамыз орыс тілінен өткен емтиханнан өтпей қалғанын айтып ауылына кетпекші болады. Сонда әлгі ұстаз емтиханды қайта қарау арызын жаз деп кеңес береді, бір ережені білмегеннен көп қате жіберген. Ол тек бір қате болып есептеледі деп «екі» емес, «үш» деген баға алды дегізіп оқу ордасына қабылдап жібереді. Мені оқуға түсірген еврей еді деп айтқан сөзі бар тұлғаның. Кезінде орыс тілін білмегендігі үшін оқуға түсе алмай қалайын деп тұрған тұлға кәзір өз тілімен қатар орыс, неміс, ағылшын, француз, түрік тілдерін біледі.
Студентке мемлекеттен де көп қаржы беріп (стипендия) ынталандыратын ұстазды естімеген боларсыз, бұл Асқар Жұмаділдә, және ең қиын деген есепті шығарған студентке де сыйақы берген. Адам адам болып қалу үшін, жәй адамнан көрегенді тұлға жасауға еңбектеніп, жасаған істерін сүйіп жасайтын адамды ел тануға лайық.
Абайды өмірінің шешімдері ретінде қарайтын және Абайды оқыңдар деп кеңес беретін математик ғалымның басты айтар ақылы да өз ұстанымы: "ЕҢБЕК ету керек!".
Авторы: Алибек Науаров