Махаббат жасқа қарай ма?

Иә, шыны керек осы сұрақ көп адамның көкейінде шыр көбелек айналып жүргені жасырын емес те шығар... Расында адамның жүрегі болған соң, оның сезімі де, көңіл шарпуы да, жылт еткен мөлдір тамшының дарияға айналғанындай махаббат  атты ұлы сезімді жасыруы мүмкін емес. Сөздің төркініне көшсем, махаббат жасқа қарамайды, бәлкім біреулер бұл пікіріме қол сілтеп, қайшы келер, болмаса әлдекімдер сөздің жалғасын іліп әкетер, еркіңіз білсін...  Қазіргі заманымыз Батыс халқының менталитетініне сүйенсек, онда 30 жасқа дейін өзің аяққа нық сеніммен тұрып алып тұрмыс құру керек дегенді ұранға айналдырып алған болса керек. Ресей халқы да сол ұғымды әдетке айналдырып алған сияқты, тіпті жасы мейлінше өзінен 10-20, 30 жасқа кіші жігітке тұрмысқа шығып, бақыттың құшағында өмір сүріп жатқан Ресей халқының жұлдыздары да бар, оны күнделікті газет журналдарынан да, теледидардан да көріп те, естіп те жүрміз, жасыратыны жоқ... Ғаламтор желісінен бір әзілді оқығаным бар еді, «Мадоннаның күйеуі 22 де, Пугачевананың жұбайы 36 да, Сабырлы бол, бәлкім сенікі әлі дүниеге келмеген де шығар?»,  әрине әзіл ғой,  бірақ әркім дер кезінде, тұрмыс құрып, балалы шағалы болғанды кім армандамайды? Соған қарай уақыт ұлы емші, бұйырған қашпайды дейміз, солай-ақ болсын...

      Айтарым бар, махаббаттың өлшемі жас мөлшеріне байланысты емес, бастысы адамның жүрек қалауына ұмтылу, оны ұшырату табиғаттың төл заңы, теңін тауып қосылу адамшылықтың алғы шарты, міндеті. Санадан гөрі жүректе не де болса ұзағырақ, тіпті өмір бойы сол қалпында сақталуы мүмкін. Санаға бәрі керек, бәрін де қабылдай береді, жүрекке тек сүйгені ғана жол таба алады. Дүниеде өмір қандай бірегей болса, махаббат та сондай, ол жалғыз-ақ, дүниені ұстап тұрған ардақты сезім ол «Махаббат» қой . Өйткені ол бар сұлулықты, мағыналылықты бойына жинаған адамның ұлы сезімі болса керек...

         Бақытты болыңыздар... 

 

 



Бөлісу: