махаббат және Махаббат!
блог
Махаббат - жер бетіңдегі ең ұлы сезім! Махаббат талай ақындар мен жазушылардың шығармаларына арқау болған ең бір сырлы дүние! Біздің өміріміз махаббаттан бастау алады, әрине оны екінің бірі біледі. Махаббат десе ең бірінші әке шешеміздің бізге деген махаббаты келері анық ойымызға . Содан сон екі жастын,екі адамның қарым қатынасы сезімі ойландырады. Қазіргі таңда көпшілігіміз махаббат бар десе сене қоймаймыз, сенгіміз келеді бірақ сол сезімді басымыздан кешпегесін сенбейміз.Сол сезімді сезінгің келеді , бірақ шың жүрекпен ғашық бола алмағасын терең сезіне алмайсын, сезім ауылына тек шет жақтан келіп жолаушыдай жолай анда-санда соғып кетесін, тұрақтап қалуға қорқасын, сол қорқыныш артынаң өкінішке ұласып жатады. Біреулер айтады махаббат жоқ деп, мүмкін емес, әрине осындай пікірлерді естігенде жай ғана таңғаласында ойға кетесін, сосын мынадай тұжырымға келесін жаңағы пікірді айтқан адам «бұл сезімді басынаң кешпеген болмаса қатты көңілі қалған жан».
Махаббаттың ең тұрақты формуласы ол – СЕНІМ, сенімділік, сенім арта білу, сенімін ақтау!Сенімділік болса өзіңді еркін ұстайсын,жақсы сезінесін және жауапкершілікке бей жай қарамайсын!Сенімімізге селкеу түспесін делік...Йә әркім оны өзіңше қорыта жатар.
Бірақ осы біз сол киелі ұғым махаббатты түсіне, сезіне алып жүрмізбе болмаса сол махаббатымыздың қадіріне жете алып жүрмізбе?
сурет vsegdaprazdnik.ru сайтынан алынды