Махаббат деген қандай-ды?

Махаббат деген қандай-ды?
жеке
блог

Мен, Жаңбырбай Назерке Қуанышқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универстиеті, журналистика факультетінің студентімін. Биылғы жылы факультетімізде бірінші рет жүргізіліп отырған "Режиссура өнері" пәні аясында Жидегүл Әбдіжәділқызы тапсырған тапсырма бойынша осы мақаламды жариялап отырмын.

Хат

 Менің белгісіз кейіпкерім?!

 Мен сізге көңіл бөліп,хат арнамағалы да көп болыпты. Дегенмен, бүгін сәті түсіп отыр.Менің сізбен сыр бөліскім келіп отырған бүгінгі санамнан сайрап шықпаған «махаббат» деген ұғымы болып отыр. Білесіз бе?! Менің кішкентай кезімде ата-анам маған шексіз махаббаттың не екенін сезіндіріп, сүйіспеншілікке бөлеп өсірді. Содан болар, менің ұғымымдағы «махаббат» пен қазіргі замандағы қадірі тіпті,төмендеп кеткен махаббат сәйкес келмейді. Қазіргі қорқау қасқырлардың заманында өмір сүріп жүргеннен болар , шынайы сезімдер мен шынайы махаббаттың бағасы тым төмен. Ол үшін, себеп көп. Сол себептерді тізіп айту мен үшін тіпті қиын. Бір сөзбен айтқанда қазіргі махаббат ұғымы 2-сағат ішінде пайда болатын ғашықтық сезімін білдіру немесе тастанды аналардың балаларына деген махаббатымен өлшеп аларлық деңгейге жетті. Ертедегі аналарымыздаң еміріне сүйсінген балаларына деген махаббаты, Қыз Жібекке жете алмай кеткен Төлегеннің махаббаты қазір жоқ!

Менің ұғымымдағы өзгермес шынайы махаббат сайрап жатқан даңғыл жол емес: оның оқпаны мен ой-шұңқыры да жеткілікті, соны түсіне білсең ғана, мен өмір сүрдім, бақыттымын деп ауыз толтырып айтуға қақың бар. Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты.Ол адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп дем береді.Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен өмір сүруге деген құлшынысы артады.Біреуге ғашық болып, оны жеткізу үшін сол ғашығыңның алдына барып екі сөздің басын қоса алмай күрмелу немесе алыстағы баласын өзі жылытып отырған ұясында отырып жолға қарайлап сағына күту. Міне нағыз шынайылық! Міне нағыз махаббат!

Менің белгісіз кейіпкерім,менің санамдағы өзгермес ұғым осындай! Қазіргі шынайылық жоғалған заманда,шынайы сезіміммен шынайы махаббат ұғымым өзгермесе екен! Ешкімге бергісіз, санамда сайрап тұрған махаббатым жоғалмаса екен!