Махаббат па бұл?
Махаббат дегенді түсінбейтін сияқтымын. Бір жағынан қарасаң түсінікті де сияқты. Бұны сіздерге не үшін жазып отырғанымды білмеймін. Бірақ кейде өзімді түсінбей қаламын. Менікі шын махаббат па? алде басқама? Махаббат деген не өзі? Махаббат туралы оқи бастасам болғаны, жүрегім сыздап ауыра бастайды, арине жігітім есіме түседі. Кейде қатты жақсы көріп кетемін, кейде жыным тиеді. Тіпті көргім келмей қалады. Бұл не екен? түсінбедім... Алде махаббат деген осыма? Қазіргі уақытта екеуміз мүлдем хабарласпай жүрміз, неге екенін өзім білмеймін. Ол неге хабарласпайтынын түсінбедім. Бірақ келсе, әрине жақсы қарсы аламын. Мүмкін бәрі, алыста жүргендіктен бе екен? Осымен бітетін сияқты көрінеді кейде. Ол менімен араласқысы келмей кеттіме екен... білмеймін. Ештеңе айтпады, тек хабарсыз. Осымен бітсе , кейде маған бірі бір болады, кейде ешкімге бергім келмейді.
Бұны неге жазғанымды түсінбейтін шығарсыздар. Жүрек қанша болса, махаббат жайлы ойлар сонша деген блокты оқып отырып осылай жазғым келді. Неге екенін өзімде білмеймін. Рахмет барлықтарыңызға!