Өмірдің мәні махаббат... Иәәә оған ешкімнің таласы жоғы анық. Әйтседе бірін-бірі сүйе тұра еріксіз айырылысқан жандарды көргенде ойыңа неше түрлі ойлар келетіні анық...
Ертеде бір жұбы жарасқан, жүректері үнсіз тілдескен ғашықтар өмір сүрген екен. Екеуі балалықтың бал шағы болып есте қалған мектепте бірге оқыпты... Бір үйдің тұла бойы тұңғышы, сабақты үздік оқитын, сыпайы да сүйкімді Жания атты қыз болады. Ал жігіт болса бұзықтау әрі бір үйдің еркесі, жар дегенде жалғыз баласы болыпты. Есімі Қастер. Мектеп өмірі өз арнасымен ағып, күндерден күндер зулап өтіп жатады... Қастер Жанияны іштей ұнатып жүреді, оған қанша айтқысы келіп оқталсада Жанияның алдына барғанда не айтарын білмей, ойы сан-саққа кетіп есі шығатын. Оның үстіне Қастер өзі бір класты шулатып жүрген бұзық болған соң, Жанияның оны ұнатпайтынын, менсінбейтінін жақсы білетін. Осылай іштен тынған махаббат оты уақыт өткен сайын лаулап жана бастайды. Күндердің күнінде Жанияның отбасы қалаға көшетін болып, Жания мектеп ауыстырады. Оны білген Қастер қатты қиналады, бойындағы кіршіксіз бал сезімін айдай арумен бірге қалаға аттандырып жібереді. Осылай біраз уақыт өтеді... Бір күні Жанияның барлық сыныптастарына арнап жазған хаты келеді. Хатта ол сыныптастарын сағынғанын, қала тұрмысына ұйрене алмай жүргені туралы жазған екен... Қастер хаттағы мекен-жайды алып Жанияға келістіріп тұрып, әсем сөзбен әрлеген хатын жазады... Хатта Қастер өз сезімін ашық айтып, бұрыннан ұнатып жүргенін, бірақ айта алмағанын жазады. Жанияны ұнатқаны сондай бала болсада болашағын тікелей Жаниямен байланыстырып, екеуі дүркіретіп той жасап, балалы-шағалы бақытты отбасы боламыз деп жазады. Осылай хаттың қалаға жол тартқанына біраз болды, бірақ Жаниядан жауап жоқ. Ал Жания болса Қастерден мұндай сөздерді күтпеген еді. Оқып алып қатты таң қалды. Әйткенмен аса мән бермеді... Міне көптен күткен жаздық демалыс уақытыда болды. Жания бұрынғы достарын сағынып ауылға іздеп келді. Достарын көріп мәре-сәре болған Жанияның қуанышында шек жоқ. Ал Қастердің бар ойы Жанияда. Осылай достарымен өткен кеткені туралы әңгіме айтып отырғанда Қастер Жанияға мен сені кейін қалаға іздеп барамын деді. Бұған бәрі күлді. Жания бұл жолы тағы оның айтқанын әзілге балап келсең кел деп жай ғана күлді. Не керек Жания қалаға кетті, ал Қастер тағы сол баяғыша ауылда қала берді...
Жылдар жылжып, айлар аунап өтіп жатты. Әкесінің жұмысының ауысуына байланысты Қастердің де үйі қалаға көшті. Қастердің қуанышында шек жоқ. Бар ойы Жанияны тауып алу. Содан не керек, жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан демекші бір күні Қастердің үйіне Жанияның әкесі қонаққа келеді. Ата-аналары бұрынна таныс болған соң үй іші қызу әңгіме дүкенге айналады. Дәл сол сәтте Жания әксінің қәлін білмекші болып қоңырау шалады. Әкесі қызының қоңырауына қуана жауап беріп трубканы қояды. Бұл қоңыраудың Жаниядан келгенін сезген Қастер Жанияның папасынан телефонын көруге сұрап алып, ішінен Жанияның номерін алады. Қуанышында шек жоқ... Жерден жеті қоян тапқандай қуанды... Осылай мәз болған Қастер кешке жақын Жанияға қоғырау шалады. Мен сені іздеп таптым гой Жания дейді... Осылай екеуі жиі хабарласып тұратын болды, көңілді күндер көбейді Жанияда Қастерді ұнатты. Екеуі бастарынан неше түрлі қиындықты да, қуанышты да өткерді. Жания біраз қиындыққа жолықса Қастер жан ұшырып жанынан табыла білді. Қастердің мұндай мейірімді, ақ көңіл жан екенін сезген Жанияның оған деген махаббаты тереңдей түсті. Екеуі оңаша отырғанда өз армандарын айтып сыр шертісетін. Бірде Жания, кейін қалада тұрып ғұмыр кешуді қалайтынын айтты. Оған Қастер тосырқай қарағандай болды, себебі Қастер қала тұрмысына қарағанда ауыл тұрмысын ұнататын. Кейін ауылдан үлкен жылқы фирмасын ашу оның арманы еді. Екі ғашық осылай қызықты да мәнді күндерді бастан өткеріп жатты... Бірақ күндер өте неге екені белгісіз Қастердің Жанияға хабарласуы сиреп кетті. Аптасына бір хабарласса хабарласты әйтпесе ол да жоқ... Жания неге хабарсыз кеткенін білмек болып қоңырау шалып еді, ол суық тіл қатты. Қастердің соңғы жауабы сенімен сөйлеспей кетуімнің себебі біреу ғана сен ауылда тұрмаймын дедің, ал мен ауылда тұрғым келеді деді. Таң қалған Жания түк түсінбеді. Әйтседе сенсіз өмір сүре алмаймын деп жүрген Қастердің әп сәтте осылай бір-ақ ауыз сөзбен бәріне қол сілтегенін түсіне алмады. Амал қанша қуған жетпейді, бұйырған кетпейді ... Еееее баянсыз болған махаббат деген осы шығар....................................
Сүйсең сүй таңдап тұрып бірін ғана,
Сол болсын мәңгі солмақ гүлің ғана.
Арадан аттап басып,
Басқаға қырындама....