Мағжанның ізімен

Мағжанның ізімен
жеке
блог

        Қалың топтың арасынан оқшауланып, оғаш көзбен мұрнын тыржита қарап тұрған бір бозбаладан көз шырымын ала алмадым. Сөйлер емес тіпті. Әлгі суретпен тілсіз сұхбатқа түсіп жатқандай. Оны осыншалықты қаңсық дүниеге итермелеген не болды екен? Аяғымды нық басып жанына қозғалам дегенімше болмай, тесіле қарап тұрған парақты орнынан жұлып, жыртып сала берді.

- «Досым-ау, оның не?»,- дедім дел-дал болған жүзіне қарап.
- «Ештеме, сен мені көрген жоқсың»,- деп аяқ алысын жылдамдата жөнеле берді. Түсініксіз күйде тек мен ғана қалыппын. Онысымен қоймай боқауыз сөздерін жиілетіп қосып барады. Кейін ғана білдім. Ол жыртқан сурет – Ендібай Мағжан бауырымыздың Астана қалалық мәслихат депутаттығына дайындаған сайлауалды бағдарламасы екен. Әй, қазағым-ай. Осыншалықты көре алмаушылық қасиетті қайдан үйреніп ең? Парақты жыртқан кісіні білгенімде тіпті жағамды ұстадым. Сайлауға қатыспақ ниет білдіріп жүрген үміткерлердің бірі екен. Оны да суреттен тани қойдым. 

        Сол бір сәтте жанымда куәгер болып қалған кісілер өз араларында : «Мағжанға жетпейді бәрібір», «Иа, лайықты жігіт – Мағжан ғой» деп сансыз мадақ айтып жатқандарын естіп сабама түстім. Әділдік бар. Шын лайықтыны – халық бірден ажыратып алары сөзсіз. Сондықтан да әлгі жігітті іздеп әуре болмадым. Құдай санасына берсін. Университет емес, Республикамызды дүниежүзілік деңгейде танытып жүрген Мағжан бауырымыздың ілулі тұрған суретін жыртқаннан не таппақ екен? Мұнысымен ол – әлсіздігін көрсетті. Мықтының шаңына ілеспестен қалып қоярын түсініп осындай сорақы қадамға барғанын шын түсіндім. 

        Жастар арасындағы қалалық мәслихат депутаты болу – кез-келгеннің уысындағы дүние емес. Бұл жерге аса жауапкершілікті сезініп терең мүддемен келу керек. «Галстук» тағып алып өзін ұсына салу кез-келгеннің қолынан келуі мүмкін. Дегенмен, түптің түбінде тек лайықты кісінің іріктеліп шығатыны мәлім. Яғни, бұл тараптан алғанда депутаттыққа шынайы лайықты тек – Мағжан Ендібай екені сөзсіз. Дәл бұл жігіт секілді университет мүддесіне қызмет етіп жүрген азаматты әлі кездестірмеппін. Сондықтан да дұрыс шешім қабылдай білейік ағайын!