Мағжан Жұмабаев туралы...(таңдай қақтым)
блог
«Көздерінде от ойнар
Сөздерінде жалын бар
Мен жастарға сенемін....»
Бұл өлең Мағжандікі екенін еңбектеген бала мен еңкейген қартқа дейін біледі. Ел ертеңі үшін Алла берген өнерін сарп еткен ақынның қазақ зиялыларының арасындағы орны ерекше. Мағжан туралы деректерді қызыға оқу барысында мынадай қызықты ақпарға тап болды. Сонымен Мағжан Жұмабаев үш рет өліпті. Ия, бұл ақиқи дерек. Әзілдеп тұрғаным жоқ. Нақтырақ айтсам қайтыс болғандығына байланысты 3 тарихи дерек бар. Таңдай қағып, таң қалдым. Сіздерге де қызық болады деген оймен пост жазуды ұйғардым.
Сонымен біз білетін Мағжан Жұмабаев 1938 жылы репрессия құрбаны болған. Халық жауы деп атылған. Бұл дерекпен мектеп кезден таныспыз.
Ал, Мағжанмен лагерлес болға Абдулла ақсақалдың айтуынша мағжан 1938 жылы емес, 1951 жылы қаңтар айында қайтыс болған. Мағжанның тапсырған аманатын(бір дәптер өлең) елге алып келе жатып ұрлатып алған Ақсақалға толық сенуге негіз бар деді тарихшылар.
Ал, Бауыржан Момышұлы болса: «1948 жылы кезекті әскери жаттығу өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп маңына жақындадым. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылып отыр екен. Тегі қазақ сияқты. Мен оған жақындап келіп, «Ассалаумағалейкум» деп амандастым. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлата қабылдап, түріме қадала қарады. Бұл не қылған адам деп ойымды жия берген кезімде, ол теріс қараған күйінде: «маған жақындама бәлем жұғып кетеді»-деді. Сол кезде мен оның Мағжан екенін түсініп, өлеңдерін жатқа айта бастадым. Сол сәтте ол жібіп: «менің жағдайым қиын ғой. Маған жақындағаның дұрыс емес. Шамаң келсе мені елге жеткіз» — деді. Мағжан екенін біліп шамам келгенше көмек тескім келді де 10 шықты күннен кейін қайта оралатынымды айтып, дайын болуын ескерттім. Бірақ, 10 шақты күннен кейін уақытым болмай 1 айдан соң келдім. Сөйтсем түрменің бастығы ол сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғанын айтты» — дейді.
Сонымен Мағжандай нар тұлғалы ақын қай жылы, қайда, қалай қайтыс болғанын баршамыз білгіміз келеді. Өмірбаяны туралы ақтарған сайын көзді бадырайтатын, таңдайыңды қақтырататын деректер алдыңнан шыға береді.
ПЫ.СЫ: О, игі тарихшылар! Зерттеңдерші тезірек…