МАГИСТРАНТТАРҒА БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫН ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Қазіргі уақытта «Басқару психологиясы» пәнін оқып жатырмын. Менің ойымша, бұл пәнді оқығанымыз біз магистранттар үшін өте қажетті және пайдалы болды. Себебі, біз дипломды жас мамандармыз. Әр қайсысымыз белгілі бір кәсіптің басын ұстап бастадық. Сондықтан да, пәннен аларымыз өте көп.
Біріншіден, біз көсбасшылықтың психологиясын зерттеп қарастырдық. Бұл кезеңде ұйымдағы көсбасшылықтың негізгі принциптері мен қағидаларын үйрендік. Сонымен қатар, көсбасшы мен ұйым бастығының айырмашылығын анықтадық. Екеуінің жұмысшылармен қарым-қатынас жасаудағы ерекшеліктерңн көрдік.
Екіншіден, ұжымдағы жұмысшылардың өзара қарым-қатынасын қарастырдық. Ұжымдағы қарым-қатынасты дұрыс ұйысдастыруды зерттедік. Жұмыстың тиімділігін арттыруда жұмысшылар бірлігінің маңыздылығын түсіндік.
Үшіншіден, еңбек ұжымындағы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыратын жіне кері әсер ететін факторларды анықтадық. Жұмысшының еңбек өнімділігін арттыратын факторларға мыналар жатады:
- Өз қабілетіне сай, қызығушылығы бар жұмысты тапсыру;
- Мадақтау;
- Төленетін демалыс беру;
- Дәрежесін жоғарылату.
Жұмысшының еңбек өнімділігіне кері әсер ететін факторларға мыналар жатады:
- Қолайлы әлеуметтік-психологиялық ортаның болмауы;
- Жұмысшы қабілетіне сай емес жұмысты оған тапсыру;
- Орынсыз кемсітілу;
- Кей кездерде көңіл-күй.
Төртіншіден, бұл пәнді оқу барысында, «басқару», «менеджмент» және «басқару психологиясы» ұіымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын терең зерттедік.
Басқару психологиясының пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары:
1. Жұмысшылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Сапа мен өнімділікке қол жеткізу үшін олардың күш-жігерін ынталандыру.
2. Кәсіпорындағы әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың өкілдері арасындағы қарым-қатынастың ең ұтымды нысандарын анықтау.
3. Ең тиімді басшылар мен қызметкерлерді талдау үшін, сондай-ақ қабылданған нормалар мен нормалардан ауытқыған қызметкерлердің мінез-құлқын талдау үшін қажетті қызметкерлердің жеке басын зерттеу.
4. Өндірістік еңбекті қолданудың тікелей саласын зерттеу (кәсіпорын құрылымы, еңбекті ұйымдастыру, өзгеру тенденциялары).
Бұл пәнді оқу барысында біз тек Қазақстандағы «Басқару психологиясын» ғана емес, сонымен қатар, Европа және Азия елдерінің де «Басқару психологиясы»-ндағы ерекшеліктерді қарастырып, мағлұмат жинадық.
Бүгінгі таңда, ұйымда құндылықтардың негізгі өзгерістері орын алуда. Яғни, қазіргі кезеңде, қызметкердің санасын бұру қажет:
- Бастыққа емес, тұтынушыға;
- Ысырапшылдыққа емес, пайдаға;
- Ойланбаған орындаушыға емес, инициаторға.
Міне осы принциптерді барлық ұйым өз жұмысында қолданса, басқару мәдениеті мен нарыққа жол ашылып, жоғарғы кезеңдерге өтуге мүмкіндік туады деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда адам ұйым үшін ең жоғары құндылық ретінде қарастырылатын персоналды басқарудың стратегиялық тұжырымдамасының орталығына қойылған. Негізінде болашақ фирмалардағы персоналды басқарудың бұл жаңа стратегиялық тұжырымдамасы келесі принциптерге негізделген:
– әлеуметтік инновациялар психологиялық сияқты маңызды;
- қызметкерлердің келісілген қызметі өзара түсіністік негізінде туындайды;
– ортақ мәселелер қызметкерлердің бірлескен күш-жігерімен шешіледі;
– бірлескен жұмыс стилі басым болуы керек;
- қызметкерге толық сенім білдіру және оған барынша дербестікті қамтамасыз ету;
– қызметкерлердің ынтасын жан-жақты нығайту және дамыту.
Егер бұрын командалық-әкімшіл жүйе жағдайында бұл міндеттер екінші ретті деп есептелсе, нарыққа көшу кезінде олар бірінші орынға шығып, олардың шешілуіне әрбір ұйым мүдделі болды. Ұйымдағы персоналды басқару психологиясы концепциясының негізі қазіргі уақытта қызметкер тұлғасының рөлінің артуы, оның мотивациялық қатынасын білу, оларды ұйымның алдында тұрған міндеттерге сәйкес қалыптастыру және бағыттай білу болып табылады.
Психология ғылымдарының кандидаты, профессор Назираш Сүлейменқызының дәрісінен«Басқару психологиясы» пәнінен үйренгендерімізді,қазіргі күнде, өз жұмысымызда қолданып бастадық. Және де, жұмыста жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Бірақ бұл біліммен тоқтап қалмай, келешекте «Басқару психологиясы» бойынша білімімізді арттыруды мақсат етіп қойдық.
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Адилова Э.Т.
PHD, аға оқытушы
Исматуллаева Х.Х.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы магистранты.