«Кеңес орталығында» мәслихат депутаты тұрғындарды қабылдады
Ақтау қаласының «Мағаш» базарындағы «Кеңес орталығында» қалалық мәслихат депутаты Закенов Сембіғали Төрешұлы тұрғындарды әр – түрлі мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Тұрғындар түрлі мәселелермен келді. Мұнайлы ауданы Дәулет селосының тұрғындары тас жолының жоқтығын айтты. Жолдың ойығы, тозаңы көшедегілердің мазасын алған. Депутат аудандық әкімдікке жүгінуге кеңес берді.
Келесі тұрғын зейнетке шығуына байланысты жұмыстан босап қалған. Жұмыс орнын іздейді. Оған 25 маусым күні өтетін жәрмеңкеге шақырту алды.
Көптеген тұрғындар жұмыссыздық мәселелері бойынша келіп жатты. Ендігі бір азаматшаны тұрғын үй мәселесі мазалайды. Азаматшаға ертеңгі «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің» кеңесінің өтетінін айтып, тиімді жолдары ұсынылды.
Ақтау қаласының 27 ш/а тұрғыны үйінің жанындағы тазалық мәселесін көтеріп, ендігі бір азамат базар маңында «Халық банкінің» банкоматы жетіспеушілігін жеткізді.
Депутат 2 сағаттың ішінде 7 адамды қабылдады.