Маған үйленші!

Бүгін, яғни 29 ақпан күні, ескі Ирландиялық дәстүр бойынша қыздар жігіттерге үйлену жайында ұсыныс жасауға құқылы екен.  Бұл дәстір сонау 11-ғасырдан бастау алса да, қазір бұл мүмкіндікті жіберу обал болар. Дәстүр бойынша жігіт қызға үйленгісі келмесе, оған  айыппұл төлеуге тиіс. Осылайша 4 жылда бір рет қыздар не бақыттарын тауып, жаңа отау иесі атанады, не аз-маз ақша таба алады екен. Сонымен қыздар, алға!



Бөлісу: