Маған ұнайтын сыйлар немесе 8-наурызға қарсы тікелей намек:))

Ехуууу....маған да эстафета таяқшасы жетті көптен күттіріп. Сүйікті плейлист эстафетасы түссе екен деп едім, сыйлықтар кез келген екен, оған да рахмет:) 

1. Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

Шыны керек, сый бергеннен гөрі алғанды көбірек ұнатамын:) Ммм..бұл сұраққа нақты жауап жоқ, ситуацияға байланысты

2. Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

Әйтеуір құтылу үшін берілген, еш ниетсіз, құлықсыз берілген сыйлықтарды қабылдамаушы да едім...Тиффани бұйымдары болса да:)

3. Сізге ұнайтын кәдесыйлар?

Мен үшін ең бастысы сыйдың қандай көңіл-күймен берілгендігі, оның эмоциялық бағасы. Сондай-ақ сыртқы безендірілуі де үлкен рөл ойнайды. Қолдан жасалған handmade ашық хаттар ұнайды. Кішкентай букет гүлдердің әдемі композициясы, әдетте көп көңіл бөле бермейтін, алайда жан жылытатын сүйкімді ұсақ-түйектер: қорапша, әшекей бұйымдар, кітапқа закладка, шаш бұйымдары, шамдар (свечки) т.б. Түрлі үй заттары, антиквариат, винтаж, бодишоп - менің "темам":)


 

 

4. Өміріңіздегі есте қалған сый?

Қазір еске түсіп отырғаны екеу: 

1. Бірінші сыныпта маған ғашық болған, алайда оны тек 11 жылдан соң ғана айтқан бір сыныптасымның сыйы. Екеуіміз тек 3-ші сыныпқа дейін оқығанбыз. Одан кейін ол басқа мектепке, содан соң басқа қалаға көшіп кеткен. Ойда-жоқта 11-ші сыныпта ол мені интернеттен тауып алды. Ол кезде Англияда оқып жүріпті. Содан соң Алматыға келетін болып, кездестік. Сонда маған сыйлаған наборы) Өкінішке қарай, бір сырғасын жоғалтып алдым. Ал моншақты жиі тағамын. Ол маған бала махаббаттың, ең алғашқы таза сезімнің белгісіндей. 


2. Келесі сый - ерекше. Бір адамның маған арнап жазған өлеңдері... Саны - 8. Символды. Адамның жүрегінен шыққан қаншама сезім, қаншама эмоция...Өте бағалы. Оларды жеке конвертте құнттап ұстаймын. Ертең кәрі әже болғанда (Құдай қаласа), оқып, ех..қайран жастық деп, көзіме жас алып оқырмын.)


5. Сізді жалықтырған кәдесыйлар?

Жалықтырғандары нақты есіме түспей отыр. Мүмкін бүгіндері банальды болып кеткен теддилер. Бір айтқым келіп отырғаны, маған сыйлықтарды тосыннан алған ұнайды. Белгілі бір мерекеге не туған күнде ғана емес, күтпеген жерден, қарапайым күндердің бірінде алдыңнан бір шоқ гүлдер шықса, қандай керемет) Сондықтан маған шыны керек қазіргі ер жігіттерде романтизм рухы жетіспейді)

Келе жатқан мерекемізбен аяулы қыздар!)



Бөлісу: