Маған сені уәде етті
блог
Өмір - шытырман оқиғаға толы, қызығы мен шыжығы бітпейтін кітап секілді. Сол өмірді қаншалықты қызықты етіп сүрсең соншалықты тартымды болмақ. Кітап та солай, беттерін ақтарып оқи берген сайын оның қызығынан шыға алмай қаласың. Сондай кітаптардың бірі, белгілі түрік жазушысы Эльчин Сафарлидің "Маған сені уәде етті" ("Мне тебя обещали")кітабы. Бұл кітап адам тағдырын сипаттап қана қоймай, өмірдің өзегін айқындайды. Өмірдің құны. Махаббат азабы. Мұң. Қуаныш. Адамдар арасындағы байланыс пен арман...
Кітапты оқығаннан кейінгі сезімдерді айтып жеткізу мүмкін емес. Ия, кітаптың сюжеті сәл түсініксіздеу болуы мүмкін, өйткені бұл жерде балалық арман, адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы, уақытқа бағынбастан өтіп жатқан өмірдің мәні ашылады. Жалпы, бұл кітапта философиялық ойлар жиі айтылады, тіпті басты кейіпкерлің өзі жасырын, есімдері аталмай сипатталып отырады, бұл автордың оқырманға сол кейіпкердің өмірін сезінсе екен дегені шығар.
Басты кейіпкердің баласы мен жұбайы аяқ асты қаза табады. Бұл оған қатты әсер етеді, сондықтан бірнеше уақыттан бері есін жия алмай өмірдің мәнін түсінбейді. Кейіпкерге қарап адам өткенмен өмір сүрмеуі тиіс дегенге тереңінен ойланасың, өйткені ол оны артқа тартады, ал бүгінмен өмір сүріп келешекті ойлау адамды болашаққа жетелейді.
Қызығы, өмірде өзін өз ортасынан алшықтатып, әркез сұлу қызды көрсе есі кететін жігіттер шын ғашық болмайды ау дейсің. Бірақ... Адам болған соң бәрі де ғашық болады екен, әсіресе, көңілі көпке ауып жүрген жігіттер бір қызға ғашық болса одан өзгені көрместей соқырға айналады екен. Міне, кітаптағы басты кейіпкер де сондай десек болады. Сондықтан, бұл кітап мұңға батқандарға серік, махаббат алаңында адасқандарға сезімге толы кітап.