Маған ерекше әсер ететін музыкалар

Маған ерекше әсер ететін музыкалар
жеке
блог

Адам өмірінде музыканың алар орны ерекше. Басқа үшін қайдам, бірақ өзім үшін әр музыканың  өз  өмірімде тарихы бар. Бірін тыңдап отырып жаным кіріп күліп аламын, бірін тыңдап отырып көз жасымнан көл жасап жылап алам ағыл-тегіл. Енді басқасын тыңдай бастасам жүрегім ауыра жөнеледі.

Маған ерекше әсер беретін әндер: 

Қ.Нұртас " Жалғыз сен". Не үшін ұнайтыны атынан-ақ белгілі ғой. Сенесіздер ме, осы әнді жаз бойы күні-түні  тыңдап шықтым. Мені жаз бойы жылатқан "қатігез" ән ғой бұл))

А.Пугачева "Миллион аллых роз". Соңғы кездері  көп тыңдайтын болдым. Өте қатты әсер етеді. (14-сәуірде  Жолдасбековте өтетін "Миллион раушан гүл" спектаклінің көрермені бола қалсаңыз, сізге де қатты ұнап кетеріне шүбәм жоқ)

Роза Әлқожаның барлық әндері. Лирикалық әндерімен тыңдарманын тәнті еткен бұл әншінің кез келген әні жүрегіме тым жақын

Дәрібаевтар ансамблі "Сендерге әрдайым орын бар". Осы әнді естіген сайын тұрмысқа шыққым келіп кетеді, десен иә))))))))). Ойнап айтам, ағамның дүркіреп өткен үйлену тойы есіме түседі.

"Қызыл орамалды шынарым" спектакліндегі ән. Сол әнді тыңдаған сайын құдды бір сол қойылымды тамашалап отырғандай күй кешемін.

Музарт "Ол көктем оралмайды". Бұл ән 10-сыныпта лагердегі бір жігітті есіме салады. Соңғы күні осы музыкаға вальс билегенбіз ғой)))

 Айта берсем көөөөөөөп қой. Осымен доғарайын, әйтпесе біраз сырымды ашып жіберермін))

(Қайттым ҚазҰУ қалашығына.............)