Маған "Әлинұр" алып бер!

   Мен кішкентай болғанда өте ерке едім! Әлі де еркелігім қалған жоқ)). Бірнеше қызықтарға көз жүгіртейін деп шештім. Қабыл алыңыздар!

   1.Мен өзім папамның қызымын! Қазір есейген түрім ғой. Кезінде 3-4 жастар щамасында папам не істесе соны істейтінмін. Тіпті кейде көшеге майкамен, кейде ол да жоқ шығып кететінмін. Сол үшін бе, білмеймін мені бәрі "папасының қара қызы" дейтін. Түріме қарамай мен қара емеспін деп жылайтынмын.


   2.Сіңілдерім дүниеге келгенше, екі ағамның ермегі мен едім. Маған тисіп, мені жындандырғанды жақсы көретін. Маған сені папалар Бекен ағадан сұрап алған, сен Бекен ағаның қызысың, ал Жұлдыз папалардың қызы дейтін соған жылап, үйден кетем дейтінмін. Бір пакетке 2-3 киімдерімді салып кіреберісте отыратын едім! Өзімнің қалай жылағаным есте жоқ, сіңілдерімді солай жылататын болдым ғой!


   3.Сол кездерде үйде қырғыз жұмысшылар болатын. Қателеспесем 2 отбасы 2 складта тұратын. Мен солар тұратын складтан шықпай,солармен бірге тамақ ішетінмін. Мамам ұрсатын қырғыздарға қыз бол онда деп. Білмеймін неге олай істегенімді, бірақ қазір сол кісілер болса жанына да жоламас едім ғой деп ойлаймын кейде.

  

   4.Бірінші сыныпта болса керек. Гауһар деген құрбым бар. Сол екеуміз қыста мектептен қайтып бара жатып, жерде өліп жатқан қозыны көрдік. Жан ашыған түріміз сол болды ма, қайдам. Сол қозыны қардың астына көмгенбіз. Ол қардың еритіні ойда жоқ қой. Үйге келіп бір ерлік жасаған адамдай мақтандым тағы))


   5. Менің айтқаным заң болатын папа, мамаға. Олар банктен енсие алыпты. Бір миллион- ау шамасы. Пакет толы ақшаны мен алып алғам, қырсығып. Көшеге сытылып шығып көрінгенге 500,200 теңгеден таратып шығыппын. Олар мені ұстап алғанға дейін))


   6.-Маған "Әлинұр" алып бер! 

   -Қызым, ол не?

   -Әлинұр!

   4-5 жасар кезім болса керек. Папам, мамам және мен азық-түлікке базарға келдік. Екеуі алатындарын алып, енді қайтамыз дегенде мен қиғылықты салдым. Әлинұр алып беріңдер деп жыладым келіп. Әлинұрдың не екенін олар қайдан білсін! Бүкіл базарды аралап жеміс- жидек, сусын, торт, шоколад тағы- тағыларын үйіп әкелді. Жоқ, бұлар емес деп, әлі жылап отырмын. Папам мен мамам не аларын білмей ақыры үйге келдік. Үйге келдік. Ол не? Ол не? Бәрі осы сұрақты қойды. Ал мен жылап тұрып, "Ол колбасаның баласы! деппін. Әлинұр дегенім шұжық, яғни сосиска екен ғой! Оны не үшін әлинұр дегенім қазір өзіме де жұмбақ!

   Сіздерде қызық оқиғаларыңызбен бөлісе отырыңыздар!



Бөлісу: