Мәдениетсіз теңеулер...

Мәдениетсіз теңеулер...
жеке
блог

Кейбір адамдар «денесі сиырдай екен», «басы табақтай болып...», «бұтынан трактор өтіп кеткендей», «мұрны шошқадай...», «бойы біртұтам болып алып...», «ілмиген саусақтарымен...», «быттиған қарнымен...» деген сияқты сан мыңдаған теңеулермен адамның келбетіне, түр-пішініне аса зор мән беріп, түрлі метафорлар тауып ала қояды. Әлбетте, әдеби әлемнің өзі сол метафоралардан құралған ғой, неғұрлым бай тіркестер тапқан сайын жазушының беделі де арта түспек сияқты...

Бірақ қарапайым адамдарда бұл бір әдет па деймін... Адамның пішінін сипаттамаса тұра алмайтындай, бір сөзбен айтқанда құмарлық. Кейде сондай адамдармен сөйлесіп отырып, мен кеткен соң, қалай сипаттар екен деп ойлап, сол ойлардан шошып отырасың.

Жалпы солай сөйлеп отыратын адамдарға қарасаң, өздері де кемшіліктен жұрдай емес. Және олар бұдан хабардар болуы да мүмкін. Бірақ білетін адамын суреттеуден қашпайды, жай ғана әдет.

Біреулеріңіз айтарсыздар, «барды – бар, нарды – нар» деп айту керек деп, бірақ менің ойымша, бұл әңгімелер де адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Ал одан өмірге деген басқа көзқарастарын саралай беруге болады...