Мәдениет бар жерде достық бар
блог
Оқудан берілген тапсырма бойынша, «Мәдениет және тұрмыс» журналын кейінгі атауы «Парасат» журналымен салыстырмалы түрде зерттедім. Атауы өзгерген бұл журналдың әр жылдардағы өзіндік құрылымдық стильдері де өзгеріп отырған. Мәселен, 1965 жылы шыққан басылымдарда айдаршалар өзгерсе, 1972 жылдары тақырыпқа орай анекдоттар енгізілетін болған. Оның атауының 1990 жылдары «Парасатқа» ауысу себебін сол басылымның өзінен де, ғаламтор беттерінен де іздеп көрдім. Басты себеп – «Мәдениет және тұрмыста» аты айтып тұрғандай, тек мәдениетке оның тұрмыстық көзқарасына қатысты мақалалар жарияланса керек. Ал «Парасатқа» ауысқан соң әлеуметтік жағынан да және өнердің өзін жеке қарастыра отырып, мақалалар жарияланатын болды. «Мәдениет және тұрмыс» журналының 1989 жылы жарық көрген № 3 санында жарияланған «Мәдениет – достық дәнекері» деген мақаласын оқыдым. Онда осыған байланысты мәселелерді қарастыра отырып, мәдениеттің дамуына үлес ретінде бірер ұсыныстар тастаған. Дегенмен, сол кездегі ансамбльдер қатары көп болған. Дәстүрлі әндерді дәріптейтіндердің саны бүгінгі эстрадалық әншілерден басым болған. Алайда, өз жылдың жетістігі мен кемшілігі болады емес пе?! Мәселен, «Парасат» журналында мәдениеттен өзге өзекті мәселерді көзің көп шалады. Ол – бір жағынан, халықтың интелектуалды дамуына ашық жол көрсетсе, екінші жағынан жалпылама басылым ретінде қарастырылады. «Мәдениет және тұрмыс» журналында 1972 жылы жарық көрген № 7 санында жарияланған «Қожа Ахмет Йассауи кесенесі» атты мақала бар. Ондағы кесененің тарихына қысқаша шолу жасап, ғылыми жүйемен жазылғанына қарап, сол кездің өзінде жастарды мәдени орталардың тарихынан хабардар етіп отырғанын білесің. Әрине, дағдарыстық заманда «қалай күн көрем» деп, жұмыс істеп жүрген жұрттың том-том кітаптарды оқуға уақыты да жетпейді. Халықтың қамына қарай қызмет атқарған бұл басылым беттерінен мәдениет бар жерде достық барын аңғарасың.