Бірде менен бір жігіт "миыңның қанша пайызын қолданасың?" деп сұрады. Ойымда түк жоқ "100 пайызын" деп айтып қалдым. Енді ше, ол менің миым болса, еще тек менің ғана миым болса неге мен оны толықтай қолданбайды екем деп ойладым. Кейін оқыған материалдарымнан адам миының тек 10-20 % ғана қолданатынын естіген кезде өзімнің жауабымның да, ана баланың сұрағының ақымақтық екенін білдім.
Енді сұрақ, сіз миыңызды 100% қолдансаңыз не болатынын ойлап көрдіңіз бе? Мен "жоқ"деп айтар ем, алайды бүгін көрген "Люси" осы сұрақты неге ойланбағанымды түсіндірген сияқты.
Адам өз миының 30% қолдана алған кезде ол өз денесін толықтай меңгеріп, ауырлықты, жылулықты сезінбейтін күйге түсіп, оның өмірінде не болғанын бәрін есіне ұстайтын жағдайға жетеді. Ал 60% ға жеткен кезде ол өзгелерді басқаруды үйренеді дейді. Ал 100 % жеткен кезде не болатынын енді ойлаңызшы?
Люк Бессон ұсынған бұл фильм адам өз миын қаншалықты дәрежеде пайдаланса неге қол жеткізіп немен айналыса алатынын жақсы берген сияқты. Басында Люсиге Анджелина Джоли шақырылған екен, меніңше бұл роль оның ойнауында онша болмас еді, ал Скарлетт Йоханссон тамаша алып шыққан сияқты.
Наркотик сататын жауыздардың қолына түскен Люси олардың тауар тасушы құралына айналып шыға келеді. Өз намысын қорғамақ болған кезде алған соққысынан ішіндегі наркотиктың ең күшті түрінің көп мөлшері оның денесінде өзгеріске түсіреді. Осы кезден бастап оның миының белгісіз қырлары ашылып ол бұрын адам баласы көрмеген білмеген жәйттарға қол жеткізеді. Ол өзі алған ақпаратты қайда жұмсарын, осыншама біліммен не істеу керектігін білмеген кезде оған Морган Фреман сомдаған ғалым көмек қолын созады.
Кино төбелес, наркотик, ғылымға құрылған. Киноның ортасында документальный пайдалы фильм көріп көріп отырғандай әсерде қаласыз, бірақ Люсидің іс-әрекеті сіздің қиялыңыздың қайда апаратынын көрсететіндей әсер қалдырады.
Бәрі жақсы, бәрі үйлесімді. Бір нәрсе ғана маған ұнамады: кейбір адамдарға наркотик арқылы миымның қолданысын арттыра алам деген ой салуы...
Егер барлық адам миының 100% қолданса онда әлемнің қажеті жоқ, тек шексіздігі жоқ материя боп қалатыныңды түсіндіреді. Кино бір қараған кезде Джонни Депп түскен "Превосходства" киносына ұқсастық бар сияқты.
Сөз соңында айтарым, кино көруге тұрарлық. Алған әсерім миымда ревалюция жасап кеткендей...