Лүпілдеген жүректер сая тапты

Лүпілдеген жүректер сая тапты
жеке
блог

10 шақты күн ішінде баршамыздың ойымызды сан-саққа жүгіртіп, біразымызды толғандырған ҰБТ өз мәресіне жетті. ҰБТ жақындаған сайын жүректері дүрсілдеп, ас батпай уайым кешетін бітіруші түлектеріміздің көңілдері де орнына түсіп, иықтарынан ауыр жүк түскендей болған шығар. Білімі барлар ойдағы балын жинаса, ат-үсті қарап, дайындықсыз келгендердің көңілі босап қалған да болар.

Осы сауалды тест тапсырып болған түлектерден сұрасақ:

  Кентау Қазақ-Түрік дарынды ер балалар лицей-интернаты, Абылайхан Базарбай:

-Мен үшін ҰБТ жақсы өтті. Қатты қиын да емес. Біз әдетте Қазақстан тарихынан қорқатын едік. Ал ҰБТ кезінде тарих маған оңай секілді көрінді. Маған физика мен орыс тілі қиынға соқты. Себебі бұл пәндерге жаңа сұрақтар енгізілген. Мен өз басым жинаған балыма қанағаттанбадым, дегенмен 106 бал аз  емес. Математика мен 5-ші пәнге жаңа сұрақтар қосылғандықтан абдырап қалғаным да рас. Оқығандар тиісті балдарын алды. Төмен жинағандар да көп болды. Олар өз білімдеріне сай болды деп ойлаймын.

 №24, Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушысы, Жадыра Төреханова:

-ҰБТ орташа өтті.  Сұрақтар аса қиын емес, өз басым дайындалған сұрақтарым келді. Тарих пәнінен аздап қиналдым. Дегенмен ойдағы балымды жинадым, аз жинағандар болды. Енді дайындалғаныңа қарай ғой. Иығымнан жүк түскендей болды, уйқым да тыныш болайын деді.

 Түркістан қаласы Н.Оңдасынов атындағы Дарын мектебі, Меруерт Налибаева:

-Қиын болды, жинаған балым ойымнан шықпады. Біраз сұрақтар таныс емес болды. ҰБТ маған ұнамайды, ол баланың анық білімін көрсетпейді. 85% жаңа сұрақ. Өкінішке орай жинаған балыма риза болмадым. Көңілім түсті. Дегенмен 102 бал аз емес, бірақ, бұдан да жоғары жинаймын деген едім.

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, Елшібек батыр мектебі, Жадыра ТАЛАСБАЕВА:

-Қадағалау өте қатаң түрде болды. Кіре берісте тексеру адамның дегбірін қашырады. Ұл балдарды ағайлар, қыздарды апайлар толықтай тексеріп кіргізді. ҰБТ басталмай жатып мазамыз қашты, сырттан көмек, шпор пайдалану мүлдем болған жоқ. Коммиссия мүшелері қадағалап жүрді. Жинаған балым көңілімнен шықпады, сұрақтар қиын екен. Біразы жаңа сұрақтар. Алтын белгілеріміздің өзі аз жинап қалды. Біз үшін ҰБТ көңіл қуантарлықтай болмады.

***

Әй, ҰБТ! Мазамды әбден алдың-ау

Құрығыңа мықтап мені салдың-ау

Анда, мұнда еш қай жерде жол жоқ қой

 Мен өзіңнен құтыла алмай қалдым-ау!

 Кітап оқу маған әсте қол емес

Тапсырмасам-ол да тура жол емес

Тапсыруға жетпейді ғой білімім

Қоя берші бұл өмірдің соңы емес!

Секілділер мен сияқты өріп жүр

Қиындығын ҰБТ-ның көріп жүр

Тапсыра алмай қиналғандар өлмей-ақ

 Тағдырына мен секілді көніп жүр...  (дайындалмаған ОҚУШЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ))))))))))))

сурет: http://womenslife.info/985