Лудоманияның емі бар ма?
блог
Бүгін бір досым хабарласты. Таныс бір жігіт бәс тігуге кіріп кеткен екен. Тапқан ақшасын сонда салады. Жұрттан көп қарыз алады.
Таныс жағдай негізі. Жұмыстан да, отбасыдан да, көліктен де, үйден де, абыройдан да айрылғандар бар. Өзін өлтіргендерді де танимын.
Жаңағы досым кеңес сұрады, бірнеше жыл бәс тігіп жүрген менен. Мардымды ештеңе айта алмадым. Менде мысалы ішкі лимит бар. Содан артық кетпеймін ешқашан және негізгі табыс көзі емес, такси-монша-сыра сияқты шығындарымды жабу үшін ойнаймын. Қарыз алып ешқашан ойнамаймын. Яғни өзімді ұстай аламын. Нақты өзіндік бақылауым бар.
Бірақ сондай жоқ адамдар көп. Тіпті бұның наркомания мен алкоголизмнен де жаман екенін айттым. Өйткені оларды дәрімен болса да емдеуге болатын нәрселер. Ал санадағы нәрсені жою қиын сияқты. Психиатрлар да көмек бере алмайды деп ойлаймын.
Әлде сіз көрген жақсы амалдар бар ма?
Автор: Аршат Ораз
Сурет: pixabay.com