«Лучший город.KZ» шоуының қатысушылары финалға дайындалуда!

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Лучший город.KZ» шоуы аяқталуға таяды. Алдағы сенбі 16 мамырда жобаның финалдық ойыны өтеді. Оған Қызылорда, Атырау және Талдықорған командалары қатысады.

Туған қаласына Қазақстанның үздік қаласы атағын апару мүмкіндігі тек үш командада бар. «Еуразия» бірінші арнасындағы қалалар тартысы аяқталуға таяды. Атырау, Қызылорда және Талдықорған финалдық ойынға дайындалуда. Хореографтардың айтуынша, қатысушылардың барлығы дерлік қобалжу үстінде. Алайда бұған қарамастан, дайындық жоспар бойынша ешбір дау-дамайсыз және кикілжіңсіз өтіп жатыр. Дегенмен командалардың бірінде қиын жағдай орын алды.

Қызылорда командасында басты орындаушылардың бірі Николай Ли күтпеген жерден дауысынан айырылды. Ал олар орындайтын ән оңай шағылатын жаңғақ емес – Rolling Stones тобының I Can't Get No Satisfaction әні. Сценарийшілердің идеясы бойынша, қызылордалық патриоттар финалдық шайқаста панктердің кейпінде өнер көрсетеді.

 «Нөмірдің қойылымы күрделі және идеясы терең деп айтуға келмейді әрине. Егер сіз «Безумный Макс» фильмін көрген болсаңыздар, сахнада не болатынын шамамен елестете аласыз. Сахнада алып бөшкелер тұрады, кейін біз оларды дауылпаз ретінде пайдаланамыз. Барлығымыз әрине қобалжулымыз. Дауысым дәл осыған байланысты жоғалып кеткен сияқты. Мүмкіндігімше емделіп жатырмын, алайда әзірге нәтиже жоқ. Біршама уақыт бар, дауысым орнына келеді және командамды жерге қаратпаймын деп сенемін», - дейді қызылордалық ұжым капитаны Николай Ли.

Ал Атырау командасы болса, финалға мерекені күткендей дайындалуда. Әндері де сәйкес келеді. Олар «Валерий Леонтьевтің «Ярмарки краски» әнін орындайды. Сахнада таңғажайып дүние орын алады деп қатысушылар да, ұстаздар да уәде беруде. Атыраулықтардың бұл жолғы нөміріне костюмерлерлер көбірек көңіл бөліпті.

 «Біз бәріміз түрлі жеміс-жидек болып киінеміз. Осылайша, әдетте шығыс базарларында болатын қуанышты, қарбаласты көрсетеміз. Сиқырға да орын табылады – сары өріктер, алмалар мен алмұрттар тіріліп кетеді. Ұлы Жібек жолындағыдай түйе мінген керуен болады», - деп ой бөлісті атыраулық команда капитаны Салтанат Жолмұханова.

Талдықорғандық жігіттер финалға сәйкесінше дайындалуда. Жігіттер ерлі-зайыптылар Бүркіт пен Аишаның «Тәттімсің» әнін орындайды. Романтикаға толы билейтін әнді қазылардың алдында ерекше әскери взвод орындайды.

 «Біз еркін әрі арманшыл әскерді бейнелейміз. Дәл сол себепті біздің киімдеріміз бір жағынан әскери, бір жағынан алқызыл түсті. Бұл біздің арман-қиялдарымыздың түсі болмақ. Және нөмірдің басты элементі – біз сүйіктілерімізге хат жазамыз. Дәл осы хаттарда бүкіл идея көрініс табатын болады», - дейді талдықорғандық команда қатысушысы Андраник Гаспарян.

«Лучший город.KZ» шоуындағы финалдық тартыс 16 мамыр 20.30-да «Еуразия» бірінші арнасында» өтеді. Бұл шайқас ең мықтыны, Қазақстанның үздік қаласы атануға лайықтыны анықтайды. Жіберіп алмаңыздар! «Лучший город.KZ» шоуының финалы!



Бөлісу: