Лондон 1908,1948,2012...

Лондон 1908,1948,2012...
жеке
блог

Қазір бүкіл елдің назары Лондонда. Жазғы олимпиада ағылшын жерінде осымен үшінші рет өткелі отыр. Бұған дейін 1908 және 1948 жылы әлем спортшылары осында жиналған болатын.   27 шілде мен 12 тамыз аралығында болатын дүбірлі дода үш нысанда өткізіледі.  Олимпиадалық стадионда – ойынның салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы және жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілсе, басқа спорт түрлері Сулы аймақта және Уэмбли стадионында болады. Ашылу  салтанатын   3 милиардқа жуық адам тамашаламақ.  Тұманды Альбиондағы Олимпиадада елімізден 25 спорт  түрінен 116 спортшы бақ сынамақ. 3 алтын, 3 күміс 5 қола медал иелену басты жоспарда. Енді мараматқа келсек, әр медальдің салмағы - 375-400 грамм аралығында. Диаметрі — 85 мм.    Медальға грек құдайы Ника,   келесі бетінде  ағылшын қаласының жаңа архетектуралық көрінісі бейнеленген. Олимпиада ауылында өмір қызып тұр.  Ауылға 17 мың адам сыйады. Спортшылардың тұрып жатқан үйлерінде өз елдерінің тулары ілулі тұр. Қазақ елінің көк байрағы да алыстан көз тартады. Айта кетер жайт, Олимпиада ауылына бару үшін үш шеңберлі күзетшілерден өту керек. Мұнда әйгілі «Боббилер» тәртіпті қадағалауда. Лондонда күн ыстық. Ауа температурасы 30 градусты көрсетіп тұр. Олимпиаданы тамашалауға келген туристер санында шек жоқ. Қазір Темзаның бойымен серуендеу үлкен сұранысқа ие болып отыр.   Лондонның барлық жерлерінде олимпиадалық символдар бейнеленген.  Қала қауіпсіздігін көбіне лондон аспанында шарықтаған тік ұшақтар 24 сағат бойы қадағалауда. Біздің елдің спортшыларының денсаулығы өте тамаша. Ол туралы боксшылардың дәрігері Ирек Сатов Лондоннан арнайы хабарлады. Айта кетер жайт Ел намысы сынға түсетін додада бірінші орын алған спортшыға мемлекетіміз 250 мың доллар, 2-орынға 150,  3-орынға  - 75, 4-орынға 10, ал бесінші орынға 5 мың ақш доллары  берілетін болады.  Лондон олимпиадасында көк туды желбіретіп, әнұранымызды шырқатар спортшылар көп болғай.