Логикалық керемет емтихан
блог
Логикадан емтихан өтуде.
Профессор:
—Ұшақ бортында 500 кірпіш бар. Оның біреуі ұшақтан түсіп қалды. Ұшақ бортында қанша кірпіш қалды?
Студент:
—Мұның жауабы тым оңай! 499!
—Дұрыс! Келесі сұрақ: Пілді 3 әдіспен тоңазытқышқа қалай салуға болады?
—1.Тоңазытқышты ашамыз. 2.Пілді сонда саламыз. 3. Тоңазытқышты жабамыз.
—Ал енді 4 әдіспен бұғыны тоңазытқышқа қалай саламыз?
—1. Тоңазытқышты ашамыз. 2.Пілді аламыз. 3. Бұғыны саламыз. 4.Тоңазытқышты жабамыз.
—Жақсы! Аң патшасы арыстанның туған күні. Оны құттықтауға барлық аңдар келді. Тек біреуі келмеді. Неге?
—Себебі бұғы әлі тоңазытқыштың ішінде.
—Керемет! – деді профессор. – Ары қарай кеттік. Әжей қолтырауындары бар батпақтан өте ала ма?
—Әрине, өте алады! Себебі барлық аңдар арыстанның туған күніне кетті емес пе.
—Жарайсың!Ал енді соңғы сұрақ. Әжей бос батпақтан өтті, бірақ бәрібір қайтыс болды. Не себепті?
—Хм-м-м.... Бәлкім батып кеткен болар?
—Жоқ, кешіріңіз! Олай емес. Оған ұшақтан құлаған кірпіш түсіп кеткен! Емтиханды қайта тапсырасыз!