Ағымдағы маусым аяқталмай жатып шаршы әлемге аты мәшһүр клубтар өзінің жаңа формасын таныстыруы кәрі құрлықта әдетке айналған. Күні бүгін Ағылшын премьер лигасында өнер көрсететін "Ливерпуль" футбол клубы 2018-19 жылғы кезеңде қандай "шорты-мәйкімен" алаңға шығатындарын көрсетті. Ресми таныстыру шарасына "қызылдардың" халыққа өнерімен ұнап жүрген ойыншылары шақырылыпты. Киімдер қыркүйектен бастап киілуі керек еді. Бірақ Клопптың шәкірттері соңғы 38-ші турда "Брайтонға" қарсы ойынға жаңа формамен шығады, һәм көптен сүйіншіні де осы уақытта сұрамақ.
Құлаққағыс ақпар:
* "Ливерпуль" 34 турдан кейін АПЛ-де 70 ұпаймен 3 орында келеді;
* 24 сәуір күні Чемпиондар лигасында мерсисайдтық команда жартылай финалда "Рома" клубымен кездеседі;
* Алдағы 4 ойында 6 ұпай жинаса аталған клуб келер жылы да еурокубокта өнер көрсетуге ие болады.