"ЛишьБыПікірлеу" ауруының синдромдары

"ЛишьБыПікірлеу" ауруының синдромдары
жеке
блог

"ЛишьБыПікірлеу" ауруының синдромдары жайлы ойымды толғап жібергім келіп отыр да:)
ПыСы: Этот пост содержит сцены насилия и жестокости. Не рекомендуются к просмотру слабонервным, бұқақақа:)

Мой Мирдегі фотолардың пікірленуі:

6 комментария

Пәленше1: Мяяя, керемет фото

     Пәленше ответ для Пәленше1: Рахмет сизге 

Пәленше2: Супер секси!

     Пәленше ответ для Пәленше2: хихи 

Пәленше3: Красавица:)

Пәленше4: Міне нагыз казак аруы

     Пәленше ответ для Пәленше4: койынызшы уялтпай)

          Пәленше4 ответ для Пәленше:  шын айтам:) 

Пәленше5: Неткен коздер!

Пәленше6: Адеми екенсиз:)

     Пәленше ответ для Пәленше6: :) 

Ал суретке қарасаң мини юбка мен топик киген қазақтың ақбас пародалы сиыры тұрады:)))

 

********************************************************

5 комментария

Пәленше1: Ырзам братан:)

     Пәленше ответ для Пәленше1: Саган да респект:) Рахмет брат 

Пәленше2: Машина кутты болсын!

     Пәленше ответ для Пәленше2: хехе рахмет! 

Пәленше3: +5

Пәленше4: Нагыз жігіт екенсин

     Пәленше ответ для Пәленше4: ))) 

Пәленше5: Уважаю таких как я:)

     Пәленше ответ для Пәленше5: спасиба))) 

Суретке қарасаң көшеде кетіп бара жатып әдемі машина көріп соның қасында камерасы 1.3 мегапикселдік соткасымен жолдас баласының қолына зорлап беріп түсірткен бұжырбет өгіздің суреті:)))

 

*********************************************************

5 комментария

 Пәленше1: Неткен табигат!

     Пәленше ответ для Пәленше1: XDDD

Пәленше2: Адеми екен:)

     Пәленше ответ для Пәленше2: спасибочки XDDD

Пәленше3: Кузди жаксы корем

     Пәленше ответ для Пәленше3:  XD

Пәленше4: Так печаально:(

     Пәленше ответ для Пәленше4: мдаа уж :(( 

Пәленше5: Еу, Паленше хабарласшы. Соткам 8702 568**15 кутем

     Пәленше ответ для Пәленше5: Оширули тур гой

Суретке қарасаң, амалсыздан аватар қажет болып Google-дың бірінші сұрауынан жымқырып кеткен күзгі терезе алдында жылап отырған амига қыздың бояннн суреті:)))

_______________________________________________________________________________

 

Кейбір блогтардың пікірленуі:

Примернә мынадай өлең жазылады:

Ашық аспан, айдың жүзі көрініп,

Сағынғанда айды бейнеңе теңеумен келемін

Аппақ құсым едің сен менің

Сүйгенің едім мен сенің!

 Жазбаңызды 8 адам пікірледі

Пәленше1: Пах, шіркін неткен поэзия!

Пәленше2: Шабытыңыз биіктей берсін! Нағыз өлең екен!

Пәленше3: Бәрекелді, өлеңіңізге тәнтімін, тағы да жариялап тұрыңыз:)

Пәленше4: Керемет өлең!

Мейіргүл: +10000000000:)

Пәленше5: Ағай, күзгі баллға өлең шығарып бере аласыз ба?

Пәленше6: Жүректен жазылғаны көрініп тұр. Респект менен:)

Anarkina Must: Ким Ир Ченді жүрек ауруынан өлтірген осы өлең емес пе еді?:)

                           SADKO FM: Ойбай-ай! Бұтым-ай, кететін жердің бәрінен кеттім:) Өлтірдің Анара:))

 

***************************************************************

Примернә мынадай казакша (қазақша емес) пост жазылады:

 

Бугин достарым уйге келди. Шай берип шыгарып салдым мен оларды. Подругам Паленгул, Палена, Паленя, Паленастасия, Паленай сендерди жаксыыы корем...

Жазбаңызды 7 адам пікірледі

Пәленше1: Күштііі екен

                       Пәленше: рахмет))

Пәленше2: Постыңыз керемет жазылыпты

                      Пәленше: улкен рахмет))

Пәленше3: Бәрекелді, сіздердей қазақ қыздары көбейе берсін:)

                      Пәленше: Рахмет, сизге

Пәленше4: Керемет)))

                      Пәленше: хехе))

Пәленше5: +10000000000:)

                      Пәленше: Рахмет:)

Пәленше6: Иааа, Паленше))) Куштии отырдык:) Oriflame каталогын ертен беремин)))

                      Пәленше: ОК)

SADKO FM: Керемет өлең, бұқақақа:)

                      Пәленше: Тусинбедим?

                                         SADKO FM: Сен жақсысың деп жатырмын:)

                                                             Пәленше: аааа)

******************************************************************

Примернә мынадай қазақша пост жазылады:


Өмір деген керемет:) Барлығына ризамын:) Ертеңгі күн тезірек келсе ғой:) Уряяяя, кеше базарға бардым. Ужас екен ғой базар деген, картошка сатып тұрғандар:( Барлығыңызға қайырлы түн, сәттілік:)

Жазбаңызды 7 адам пікірледі

Пәленше1: Өте мықты пост

                       Пәленше: рахмет сізге

Пәленше2: Жазарыңыз көбейсін:)

                      Пәленше: ертең тағы жариялаймын))

Пәленше3: Постың керемет екен шынында да. әсерлендірді

                      Пәленше: қуаныштымын

Пәленше4: Сізге де сәттілік) Менен респект

                      Пәленше: хехе))

Мейіргүл: +10000000000:)

                      Пәленше: Рахмет, саған Мейіргул!

Пәленше5: Жазу стилің ерекше сақталған. Осы қалпыңнан айныма! Керемет жазба, ұтымды ойлар:)

                      Пәленше: Үлкен рахмет, аға:)

Anarkina Must: Інішек, Шудан емессің ба?:)

                      Пәленше: Түсінбедім?

                                         Anarkina Must: Сен жақсысың деп жатырмын:)

                                                             Пәленше: аааа)

______________________________________________________________________________________

ПыСыСы: Шын пікірлерді жазайықшы, уа, ұлы Массагеттер мен Эксондықтар:)