Лирикалық әндердің тәрбиелік мәні #2

Лирикалық әндердің тәрбиелік мәні #2
жеке
блог

Лирика әндер —қазақ музыкасында ең бай мұрасы. Идеялық-эмоциялық мазмұны кең, тақырыптары адамзаттың қуаныш-мұңы, өкініші, махабаты, табиғат сұлулығы, жан-жануарлар әлемі, сұлу қыз, жүйрік ат, алғыр тазы, өкіншті өмір т.б. туралы сан қилы болады.

Лирикалық әндердің поэтикалық мазмұны музыкалық әуенмен тамаша үйлесіп, көркем тоғысады. Сонымен бірге интонациялық ерекшелігі мен мәнерлік қасиеті сұлу сомдалады. Қайырмаларындағы «Ай-ай», «Беу-беу», «Ей», «Ахау», «Қарағым-ау», «Сәулем-ай», «Шіркін-ай» сияқты әсем әуен қозғалыстармен көмкеріліп әдемі көрік берді.

Қазіргі күні біз жаңа дамуды бастан кешіріп жатырмыз, тәуелсіздік алғалы, тарих беттерін тереңінен үңіліп мәдениетімізді игеру жолында «Елім-ай» әнінің ыргағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен болашақтағы зор үмітімен астасшаып жатқанын айтуға болады. Үлкен жүректі ел ағалары көтерген игі бастамаларын осы «Елім-ай» атымен айдарлап халық игілігіне үн қосуда. Дәстурлі халық әңдері өмірлік мәні бар дидактикалық маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қолдануға өте қолайлы болып келеді. Әннің мәтінінің өзі сезімді билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мектептердің зер салып қарасақ жағдайы өте ауыр болған сыңайлы.

Оқу тәрбие ісіндегі мұқтаждықтар балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін кажетті деңгейге ұйымдастыруға мүмкіңдік бермеген екен.

Қазақстандағы мектептерде ән-күй сабақтарының өте төмен дәрежеде өткізіліп, сапасының канағаттандырғысыз болғандығын Казақ ССР халық Ағарту Комиссариатының 30 жылдардың аяғындағы есептерін талдау барысында айтылғанында байқауға болады.


Казақтың халық әндері 1984 жылғы бағдарламада тым аз беріліп, әндер туралы теориялық мағлұматтар жеткіліксіз болған. Мысалы, 1 сыныпта бар-жоғы 2-ақ ән енгізілген. Оның біреуі «Камажай», тыңдау үшін енгізілген де, авторлар осы әнді әнге салып айтуға, би билеуге болатындығын хабарлауды мақсат етіп қояды. Ал екінішсі — «Елім-ай» алынып, тыңдауға және үйреніп орындау барысында әннін шығу тарихын әңгімелеу, сипатын ажырату сияқты дидактикадық және тәрбиелік мақсаттар кең қойылған. Яғни, осы бағдарлама бойынша оқытқанда бірінші сынып окушылары казақ халқының ән мұраларынан мүлде мақұрым қалғаны анық.


«Елім — ай» бағдарламасының басты мақсаты — окушының рухани дүниесін байытып, идеялық-эстетикалық талғамды дамыту және өмірді саналы да терең түсіне білуге баулу.

Ұлттық көркемдік мәдени дәстурге ерекше көңіл аудара отырып, халқымыздың рухани дүниесінің шығармаларын кеңірек пайдалануға ұмтылған. Оқушылар музыканы тек кабылдап қана қоймай, оның өмір мен байланысы жайлы түбігейлі мәліметтер алатыны белгілі. Екінші жағынан мұнда жол басқа да халықтың ән-күйін түсінуге жоя ашады.

Енді бір көңіл аударарлық мәселе ән-күй тәжірибе жүзінде ұйымдастыру көзделген. Аспапты іс жүзінде игеру баланың білім дағдыларын дамыту (аспаппен өн айту, би билеу, сұйемелдеу, т.б.) «Елім-ай» бағдарламасының казақтың халық әндері материалдары ретінде көлемді орын алады. Сонымен бірге халық күйлерінің негізіңде әуен-жаттығулар айтқызу өте ұгымды педагогикалық тапқырлықпен карастырылған. Бағдарламада І-ші тоқсаңда казақтың халық әндерін іріктегенде бірізділік, жүйелік, жас ерекшеліктері тағы баска принциптер жақсы сақталған. 2-3 тоқсаңдарда «Бала уатудан» соң «Той бастар», одан кейін «Карлығаш» келесісінде «Әй-әй бөпем», «Жаңа» әндеріне ұласады. Авторлар әрине, халық дәстүрін кеңінен пайдалануға ұмтылғанымен, шешуін таппаған мәселелер алі де болса өз мәнінде жүзеге асырылуын қажет етеді.

Біздің ойымызша, «Елім-ай» бағдарламасында халық әндерін енгізуде логикалық жүйелілік, жекеден жалпыға, карапайымнан күрделіге өрістеуде бірізділік тәрізді дидактикалық принциптердің сақталмауы балалардың қазақ фольклоры туралы түсінік, кабылдауларының біртұтастығын қамтамасыз ете алмады. Яғни музыкалық — эстетикалық төрбиелілігін оқу материалы ретінде халық әндерінің күңделікті өмірмен, халық тарихымен, елдің тыныс-тіршілігімен, сана-сезімімен түсіндіре алатын жанрлық сипатына сүйенгенде ғана өз мәнінде жузеге асыруға болады.