Лин-мәдениет және философия

Кіріспе

Халықаралық Бизнес Университетінің ұстаздары ғылыми-педагогикалық белсенділігімен бізді қуантуда. Мәселен,  «Экономика мен есеп» факультетінің деканы, экономика магистрі Мұрзашева Ж.В, ХБУ-нің э.ғ.д., профессор Белгібаева Ж.Ж секілді оқытушылардың мақалалары қазақстандық және шетел оқырмандарының ішінде үлкен мәртебеге ие болып үлгерді.

ХБУ президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сағадиев К.А бастамасы бойынша, университет төңірегінде екінші жыл қатарынан «Экономика» мамандығының магистранттарына «лин-мәдениет пен философия» тәртібімен  элективті курстар өтілуде. Мақала авторлары: «Үлкен және кіші қамқорлықтың арқасында көрініс табатын жастардың қоршаған орта ресурсына деген философиялық көзқарасын қайта қарап шығуына уақыт келіп жетті» деп санайды.

Тақырыбы: «Лин-мәдениет және философия»

ХБУ –дің  «Экономика мен есеп» факультетінің деканы,  экономика магистрі Мұрзашева Ж.В.

ХБУ-дің э.ғ.д. профессоры Белгібаева Ж.Ж

Дағдарыс әсерінен ұйымдастыру орындары мен бизнес кіріспелерінде  ұқыптылық  едәуір өскен. Олардың барлығы бәсекелестікті сақтап қалу мен оны әлсіретіп алмау үшін керек. Алғашқыда көзге түсе қоймайтын кіші мәселелерге назар аудара білу қажет. Барлық кіші құйтырқы іс-әрекеттердің басым көпшілігі жинала келе қаржы мәселесіне әкеліп соғады.

Кеңес одағы кезіндегі экономика әдебиетінің мақала авторлары шаруашылық пен лин мәдениетіне мемлекет пен ұйымдар кұнтақты тәсілдердің табысты амалдарын қарастырды.  Оған өнім шығару  ұқыптылы-ғының бүкіл амал-тәсілдері енген. Негізгі мақсаты: салақтықпен күрес, мемлекет мүлігін ысыраптамау.

Ол кезде үнемдеу,  керісінше көбейту деген мағына берді. Ұқыптылық – тек эканомика санаты ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, әр адамның борышы, ұжымдық жұмыс, қарым-қатынас болып табылады.

Ұқыптылық шеберлігі ол барлық факторлардың жиынтығы мен тыңғылықты қарау секілді іс-әрекеттердің үйлесімділігі. Экономика тәртібін қүшейту –  өндіріс тиімділігін  арттырудың   ең үздік экономикалық  амалы болып есептелінеді. Ең бірінші кезекте, өнім бермейтін шығындардан құтылу керек. Мәселен: ыңғайлы болу үшін оны экономистер жүйелендіру кезінде 8 топқа бөлді: қайта өндіру шығыны, уақыт жоғалту, керегі жоқ тасымалдау, артық өндіру шығындары, керексіз ауыстыру жасау, адамның сауатсыздығы мен кемістігі бар өнімдерден туындайтын шығындар т.б.

Генри Форд айтып кеткендей «кез келген мекемеде пайдасы жоқ ешқандай зат болмауы тиіс».  Осы сөздерімен Форд өнімдердің  ұқыптылық концепция-сын бекітті. Кәсіпорынның бәсекелестігін сақтап отыру үшін барлық нәрсенің  құнын арттырып, керексіз зат болмайтындай етіп ұйымдастыру керек.



Бөлісу: