Лимитсіз тариф жалықтырмады ма?

Лимитсіз тариф жалықтырмады ма?
жеке
блог

Сағат түнгі 12.00 болғаннан телефондар шырылы басталады. Өйткені дәл сол кезде активтің "Құдай бере салған" лимитсіз тарифының уақыты басталады емес пе?))) Содан бастап  түнімен күбір-күбір дауыстар...


Қоңыраулардың қоңыр дауыстары...


Ұрыс-керіс, айқай...


 Сырласу...



 

Проблема шешу...

Жасырын номерлермен қоңырау шалу...

Сонымен не керек,  Сағат тілі кешкі 6-ны көрсеткенін қуана күтесің ғой))  Осы кезде тарифтың уақыты уақытша бітеді де, түні бойы сөйлескендер енді түнгі 12-ге дейінгі уақытын тиімді пайдалану мақсатында өзге де жұмыстарын жасап алады. Ұйықтап та алады. Түнде оған қайдағы ұйқы? Қызықсыз!)) Тегін лимидсіз тариф бекерге күйіп кете ме сонда? Соншама  уақыт аралығында айтылып жатқан әңгімелердің сыңайын өзіңіз де білесіз:

-сәлем!

-әр звондаған сайын амандаса бересің бе?

- жаай, әңгіме болсын деп...

- Не істеп жатсың?

- жүргееееен...

-мммм,

-өзің?

-жұмыста (жұмысы болмаса, "Жатқааан...")

- түнде заряд өшіп қалды. (сондағысы сағат таңғы 6)

-ммм


Қызықсыз ба? Әрине, енді қайтеді? Әңгіме бітіп қалған ғой. Айтатындарының бәрін алдыңғы бес сағаттық сөйлесулерде айтып тастаған.

Мен шынымды айтайыншы сіздерге: Телефонмен сөйлеспегеніме бір жылдың жүзі болды.

Нақтырақ айтқанда, телефонда  жігітпен сөйлеспегеніме... Жаңа номірге көшкелі телфонымдағы тізімдер арасында бөгде жігіттердің номірі болмағанына да бір жыл бопты. Соңғы кездері пайда бола бастады бір-екеуінің есімдері.)) Телефонды қолыма алып ұзақ уақыт сөйлесуге үйренбеген соң қиын екен, тарифтың зардабын тартып жүрмін. Кейде көтермей қоямын, кейде қолымның бос емес екендігін алға тартып тұтқаны тастай салам. Жатақханада  тұрғандықтан ұзақ сөйлесулерден өзінше рекорд жасаған талайларды білемін. Бөлмеде де қыздар мұндайдан құралақан емес. Жанымдағылармен жарысып кейде мен де отыратын болыппын түн ішінді телефонды құлағыма тақап. Бірақ әлі таң атырып көргем жоқ))))

Жарайды, сөйлесе берсін... Тек кейбірін лимидсіз тарифтың сергелдеңге салып қоятыны бар да. Қоғамдық орындарда, әсіресе автобуста өсек соғып отыратындары сәл мәдениетсіздік сияқты, меніңше.Үлкен апайлар әй-шәйға қарамай әңгіменің түбін түсреді ғой, шіркін.

Барлық нәрсенің өз орны болады ғой. Әйткенмен, денсаулықты да ойлап қояйық!

Кей қыздар айтады: "Сенің жігітің жоқ қой, сондықтан ұнатпайсың. Көрерміз, сен де жүрерсіз бір күні...)))" дейді)) МҮМКІН...)))