Əлихан Бөкейханов "Ұлт лидері"

Əлихан Бөкейханов "Ұлт лидері"
жеке
блог

«Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.
«Алаш» идеясын алға тартқан Әлихан: қазақ ұлтшылдығы - ол өз
ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды
сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі
біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық
мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды
түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті.
Сонымен бірге, 1917 жылдың желтоқсанында Алаш ұлттық-
территориялық автономиясын жариялап, оның төрағасы, премьер-
министрі болып сайлана келе, Әлихан Бөкейхан бұдан былай
қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты, көпдінді және сан
мәдениетті, бірақ көп мәдениетімен тұтас мемлекет болатынын
болжады. Автономия жариялаудың қарсаңында «Қазақ» газетіне
солай деп жазды да. Оны Алаш автономиялық мемлекетінің 25
мүшеден жасақталатын Халық кеңесі - Алашорда үкіметінен 10
орынға өзге ұлт өкілдерін шақыруы айқын дәлел бола алады.
Әлихан Бөкейхановтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында тарихи тұлғаның құрметіне ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізілді. Соның бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қабырғасында тариx ғылымдарының докторы, профессор Қозыбақова Ф.А жетекшілігімен өткен Филология және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенттері "Ұлт лидері-Әлихан Бөкейханов " атты конференция ұйымдастырды. КоӘлихан –ел мүддесін биікке көтерген азамат. Әлихан - ініге қамқор, замандасқа ақылшы. Әлихан - халық құқығын талап еткен ел қамқоршысы. Конференция жобасына дайындықты бастағанда Сұлтанхан Аққұлұлы, Тұрсын Жұртбай, Мәмбет Қойгелдиев, Айгүл Ісмақова, Бейбіт Қойшыбаев сынды алаштану саласына зерттеу жүргізіп, құнды мұраларды халыққа таныстыруға еңбек сіңіріп жүрген ғалымдардың шығармаларын талдадық. Ұлт көсемі туралы мәліметтер өз замандастарының жазбаларында да кездеседі. Әлихан Бөкейханның тұлғалық қасиеттерін өзінің замандастары жазған естеліктер мен қазіргі әлихантанушы зерттеушілердің пікірлерінен үзінділер тың деректер көрсетілді.            

                             

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д, профессор Қозыбақова Ф.А.
Еркебұлан Савит
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті